Thursday, November 21

Кәсібінің көкжиегін кеңейткен кәсіпкер

0
112

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде орналасқан «Аяулы Алақан» тігін цехы өңіріміздегі тігін цехтардың арасында алдыңғы қатардағы тізімге еніп отыр. Мекеме басшысы Ертай Елтайұлының айтуынша, 2020 жылы Түркістан облысы Атамекен кәсіпкерлер палатасынан индустриалды сертификат алғаннан бастап, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы тендерлерге қатысып, цехтың тоқтамай тұрақты түрде жұмыс жасауына жол ашылған.

«Қазіргі таңда тапсырыстар толассыз келуіне байланысты цехтың алаңын кеңейтіп,  қосымша ғимарат салынды. Өндіріс былтырғыға қарағанда 25 пайызға өсті. Нәтижесінде аудан тұрғындарынан 24 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырмыз»,  дейді мекеме басшысы.

Шикізаттың 85 пайызы шетелден алынады. Атап айтқанда, мата үлгілері, жіп, т.б. Қытайдан, түймелерді, жылытқыш сентипонды Шымкент қаласынан алады екен.

Болашақта тек облыс бойынша ғана емес, республика деңгейіне шығу жоспарда бар дейді кәсіпкер

Leave a reply