КӘСІПКЕРДІҢ КӘСІБІН ҚОЛДАДЫ
Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібеков Қайнарбұлақ ауылдық округін аралау барысында Қасымбек Датқа ауылындағы «ТАҢ НҰР – бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмыс барысымен танысты.
Аталған серіктестік 2020 жылы жұмысын бастаған болатын. Кәсіпорынды Азатов Сардор басқарады. Мұны алдында ол қиыршық, құм-тас өңдейтін жер қойнауын пайдаланушы кәсібімен айналысып келген.
Жеке кәсіпкердің есебінен жобаны іске асыру үшін 500 млн. теңге жұмсалған. Ағымдағы жылы Түрік елінен 150 млн. теңгеге қосымша құрал-жабдықтар сатып алынды.
Кәсіпорынның иелігіндегі жер көлемі 6 гектарды құрайды.
Мұнда тауарлы бетон, бетон өнімдері өндіріледі. Жобаның қуаттылығы тәулігіне 1000 текше метр бетон, 20 мың дана шлакоблок, 1500 дана жиектас, 500 ш.м. жолаяқ плитка өнімдерін шығарады.
Республика аумағында жоғары сапалы, беріктілігі мықты құйматастарды шығаратын кәсіпорын еліміздің ең ірі инвестициялық-құрылыс холдингі – «BI GROUP» ірі құрылыс ұйымы. Ол «Bazis-А» және өзге де бірнеше компаниялармен келісімшартпен жұмыс жүргізеді. Келісімшарт жасайтын құрылыс компаниялары 80 млн. теңгеден бастап, 1 млрд. теңгеге дейін тапсырыс береді.
Кәсіпорын 85 азаматты жұмыспен қамтыған. Жұмысшыларды 3 мезгіл тамақтандыру мәселесі де қаралған.
Жүк тасығыш, араластырғыш және басқа да техникалары жеткілікті. Кәсіпорын инфрақұрылым жүйелерімен қамтылған,облыс аумағында орын алған төтенше жағдайлар кезінде, ауданда жыл сайын өтетін қайырымдылық іс-шараларына белсене қатысады, олар 5 млн. теңгеге дейін демеушілік көмегін көрсетіп келеді.
Аудан әкімі кәсіпкердің кәсібін қолдап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.