Thursday, November 21

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТЫҢ СЕРПІН

0
107

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдауларында ауыл шаруашылығы саласын дамыту жолдарын қолға алып, субсидия мәселелерін де қатаң бақылауда ұстауды тапсырған болатын. «Ауыл шаруашылығын субсидиялау саясатын өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатпен ұштастырған жөн. Жалпы, ауыл шаруашылығы саласының басты міндеті – елімізді негізгі азық-түлік өні-мімен толық қамтамасыз ету»,- деген еді.

Президенттің тапсырмасына сәйкес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы-2025» бүгінде аудан тұрғындарына тың серпін беруде. Бұл бағдарламаның мақсаты өңдеу өнеркәсібіндегі және агроөнеркәсіптік кешендегі өндірісті кеңейту, сондай-ақ ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және қызметтерімен толықтыру және импортты алмастыру болып табылады.

Осы негізде аудан кәсіпкерлеріне айтарлықтай қолдау көрсетіліп жатқа-ны байқалады. Атаулы бағдарламалар арқылы қолдаудың маңызын түсіндіру үшін тиісті сала басшылары ауданның елді мекендерінде семинар-кеңестер өткізеді. Жеке кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламалары арқылы ауданда біршама жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде отандық шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне түрлі қолдау көрсетілуде. Солардың бірі – Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы. Мұндай нысандар бизнес саласындағылардың иығындағы жүгін жеңілдетуге сеп.

Жеңілдетілген несие кәсіп ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға беріледі. Оны алу, құжаттарды дайындау үшін «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы КММ-нің Сайрам аудандық бөлімінде «бір терезе» қағидаты бойынша кәсібін енді бастап жатқан азаматтар (стартаперлер) үшін де, қазіргі кәсіпкерлер үшін де қызметтер кешені ұсынылады. Инвестициялық және бизнес жобаларын жасауға, олардың сараптамасын өткізіп, тиімділігін бағалауға көмектеседі. Сондай-ақ мұнда шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау және дамыту шаралары туралы кеңес береді.

Бөлім мамандарының көмегімен «ДАНУНА» шаруа қожалығының иесі Алишер Убайдуллаев “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-нан “Агробизнес” бағдарламасы аясында мүйізді ірі қара басын бордақылау мақсатымен 16000000 теңге несиеге қол жеткізді.

Аудандық бөлімнің мамандары мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беріп, тиісті қаржы институтының қажетті құжаттар тізімі мен құжаттарын жинақтауына, бизнес жоспарын дайындауға көмек берді. Орталық қызметкерлерінің айтуынша, мұнда тек кәсіпкерлер ғана емес қарапайым тұрғындар да заңды көмек ала алады.

 

Leave a reply