Thursday, November 21

Кәсіпкерлік шығындарды өтеуге мемлекеттік қолдау күшейеді

0
123
Түркістан облысында кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру жөніндегі семинар-кеңестер өтуде. Туризм басқармасы туристік бизнесті қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облыстың аудан және қалаларына шығып, көшпелі семинар-кеңестер ұйымдастырды. Көшпелі кеңеске облыстық туризм басқармасы мен аудан, қала әкімдіктері және ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе халық пен туристік саладағы бизнес-қоғамдастықтар қатысуда.
Туризм – өңіріміздегі ең перспективалы салалардың бірі. Сондықтан бүгінгі таңда біздің барлық күш-жігеріміз туристік сегментті белсенді дамытуға және ілгерілетуге бағытталған.
2021 жылғы 30 сәуірде Президент «ҚР-дағы туристік қызмет туралы» заңға түзетулерге қол қойып, оның аясында 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа 7 қолдау шарасы іске қосылған болатын.
Соның ішінде, туризм саласында кәсіпкерлерге жергілікті атқарушы органдар шаруашылық жүргізуші субъектілер шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін мынадай мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруда. Атап айтқанда:
1) туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
2) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу;
3) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялау;
4) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізушінің орнын қоспағанда, сыйымдылығы сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу.

Leave a reply