КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ – НАЗАРДА

0
110
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сұранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек», – деген болатын.
Жұмыссыздар санының артуы басты проблема күйінде қалып отыр. Әсіресе жастар арасында жұмыссыздықтың белең алуы алаңдатарлық жағдай. Оқу орнын бітіріп, белгілі маман иесі атанған жастардың басым көпшілігі жұмыс таппай сергелдеңде жүргенін жасыруға болмайды. Дипломын қолына алған жас маман қайда барады? Елімізде жұмыссыздықтың алдын алу, жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлікке бау-
лу мақсатындағы түрлі бағдарламалар бар. Бұ-дан бөлек еліміздегі зауыт, фабрикалар мен техникалық кәсіптік бі-
лім беретін оқу орындары өзара меморандум түзіп, бітіруші тү-
лектерді жұмыспен қам-туды қолға алған.
Қарашаның 15-і күні Ақсукент Гуманитарлық техникалық колледжінде жұмыс беруші мен жас мамандарды жұмысқа қабыл-
дау жөніндегі келіссөздерді жүргізу, жаңа техника-ларға шолу жасау, жас мамандарды жұмыспен қамту, қоғамдық жұмыстарға тарту мақсатында «Жұмыс беруші күні» тақырыбымен «Ашық есік» күні өтті. Айта кету керек, аталған іс-шара республикалық деңгейде техникалық және кәсіптік білім беретін барлық білім беру ұйымдарында бір уақытта ұйымдастырылды. Бүгінгі іс-шараның маңызы да сол. Колледж әкімшілігі ауданда орналасқан түрлі тігін фабрика және цехтармен бүгінгі іс-шарада өзара екіжақты меморандумға қол қойып, олар сұ-ратқан мамандарды оқытып, дайындап береді.
Аталған іс-шараға аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалы, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары мен «Алтын адам» тігін фабрикасының өкілдері, сонымен қатар колледждің оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шараны аталған колледждің оқытушысы С.Керімқұлова жүргізді. Одан соң Ақсукент Гуманитарлық техника-лық колледжінің директоры Р. Ергашева сөз сөйлеп, оқу орнында кәсіптік білім беру шараларымен таныстырды.
Ақсукент Гуманитарлық колледжін 2017 жылы Нышанбай Зәкір Розақұлов ашқан. Осы жылы колледж алғашқы студенттерін қабылдап, білім беру бағдарламасы бойынша еңбек нарығының талаптарына сәйкес жұмысын бастады. Колледжде
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту,» «Жиһаз өндірісі», «Сле-
сарь сантехник», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Тігінші», «Автомобиль жөндеу слесарі», «Автомобиль кө-
лігін жөндеу шебері», «Автомобиль электр жабдықтарын жөн-деу жөніндегі электрик» мамандықтары оқытылады. Кол-
ледж ашылған жылы мемлекеттік тапсырыс арқылы төрт мамандық бойынша грантқа ие болған. Ашылғанына көп уақыт болмаса да жыл сайын коллледжге оқуға ниеттілердің қатары артып келеді. 2022-2023 оқу жылында 171 абитурент қабылданып, жалпы контингент – 351 студентті құрады»,- деді колледж директоры Р. Ергашева. Іс-шара барысында колледж директоры
Р. Ергашева келген қонақтарға оқу орнының ғимаратын аралатып таныстырып шықты. Мұнда тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандығы бойынша арнайы пән кабинеті мен шеберхана қарастырылған. Студенттер арнайы кабинетте сабақ өтсе, шеберханада тігін машинасымен тігіс тігіп үйрене алады. Тігін шеберханасына арналған кабинетте студенттердің қолынан шыққан түрлі ұлттық киімдер мен қолөнер бұйымдары топтастырылған. Ал, автомо-
биль көліктерін жөндеу мамандығына да арнайы
екі кабинет бөлінген. Бірінде теория болса екінші кабинетте практикалық сабақ өткізіледі. «Ағаш және жиһаз өндірісі» мамандығы бойынша жиһаз жасау цехы бар. Мұнда үшінші курс студенттері оқытушысының нұсқауымен тапсырыспен түрлі жиһаздар жасап шығарады. Практикаға арналған әрбір кабинет қажетті техникалармен жабдықталған. Колледжде тағы бір кабинет бар. Мұнда әйелдер шұлығы шығарылады. Шұлықты тоқитын, тігетін, үтіктейтін техникалар Түркиядан жеткізілген. Техниканы арнайы маман басқарады. Күніне 250 шұлық дайындап үлгереді.
Колледждегі әрбір кабинеттің жұмысымен жеке- жеке таныстырып шыққан колледж директоры алдағы уақытта колледждің жаңа ғимаратқа көшіп, бұдан да үлкен мүмкіндіктерге ие болатынын айтып өтті. Жиын соңында аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары колледж студенттеріне оқу бітіргеннен кейін «Жастар практикасы» бойынша жұмысқа орналасу, «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлікке оқып, қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашу жолдарын түсіндірді.
С. СӘУЛЕБАЙ.

Leave a reply