Мазараттардағы тазалық жұмыстарына бақылау жасалды
Шымкент қаласы әкімінің қаланың санитарлық тазалығын жүйелендіру жөніндегі тапсырмасына орай, бүгін аудан әкімі А.Әліқұлов, салаға жетекшілік етуші аудан әкімі орынбасары А.Парманов қала бойынша көлемі жағынан ең ауқымды болып саналатын ескі христиан мазаратының тазалығын тексерді. Айта кету керік, бұл зират аудан әкімдігінің теңгеріміне 2021 жылы берілді. Бұрын ол қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының теңгерімінде болған.
Ескі христиан зиратының тазалығын тексеру барысында зираттар үшін ескерткіш тасты орнату бойынша заңсыз кәсіпкерліктің бірқатар иелері анықталды. Осы орайда, аудан әкімі кәсіп иелеріне заң шеңберінде жұмыс істеу керектігін айтты. Сонымен бірге, аудандық полицияның тарапынан барлық заңсыз жұмыстар тоқтатылды.
Ал Қаратау ауданының әкімі мазараттың санитарлық тазалық жұмыстарына жауапты ЖК «ДАШИВЕЦ» мердігер мекемесіне жиналған қоқыстарды жуық арада тазарту туралы тапсырма берді.
Айта кетейік, ауданда жалпы 25 мазарат бар. Күтіп ұстау жұмыстарын ЖК «ДАШИВЕЦ» мердігер мекемесі жүзеге асырады. Бүгінге дейін аталған мекеме тарапынан 800 м3 күл-қоқыс шығарылған.