Маман ұйқыны жақсартатын жеміс атауын айтты
Сомнолог, медицина ғылымдарының докторы Майкл Брюс пен ұйқы жөніндегі сарапшы Роб Хобсон ұйқыны жақсартатын жеміс атауын айтты. Бұл туралы Infonews.kz сайты Huffpost басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрігер түнгі тынығудың сапасына әсер ететін бірнеше факторлардың бірі ішек денсаулығы екенін жеткізді.
“Кешке жейтін тағамдардың қатарына бананды қосуға болады. Бананды жеу ішек жолдарының жұмысын жақсартып, ұйқы мәселесінен арылтады”, – дейді мамандар.
Дәрігер Майкл Брюстің айтуынша, банан табиғи ұйықтататын дәрі деп бекер айтылмаған. Оның құрамында көп мөлшерде магний бар. Ол жүйке жүйесіне күйзеліспен күресуге көмектеседі және жүйке жасушаларының шамадан тыс қозуын тежейді.
Маман ұйқыны жақсарту үшін бананның жанына жасыл жапырақты көкөністер, жасымық, жаңғақ сияқты магнийге бай тағамдарды қосуды ұсынды.