МАШАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

0
15
Аталған округтегі көп жылдан бері шешімін таппай келген бұл мәселе биыл өз шешімін таппақ. Атап айтсақ, округ аумағындағы 400-ге жуық тозығы жеткен ескі бағаналар жаңартылып, 10 шақырымнан астам электр желісі «Оңтүстік ЖарықТранзит» ЖШС филиалы тарапынан «Инвест жоба» аясында жаңартылады.
Бүгін аудан әкімі Аскар Естібаевтың халық алдындағы есеп беру кездесуі Машат ауылдық округінде жалғасын тапты.
Кездесуде аудан басшысы округты аралау барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарды қамтып өтті.
Тарқатып айтатын болсақ, «Ауыл –Ел бесігі» бағдарламасы аясында Машат ауылы, Әбілдәбек, Мырзабаев, Бекбаев, Медетов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Еңбекші ауылының Қайсенов және Қызылбастау ауылы Жандарбеков көшесіне қиыршық тас төсеу жұмыстары атқарылмақ. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен Еңбекші ауылы Қайсенов және Қажымұқан көшелерінің ауыз су жүйелерін жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалмақ емес.
Дәл осындай, округтегі басты мәселенің бірі Машат ауылындағы Баймаханов көшесі мен Мыңбай ауылындағы С.Сейфуллин көшесіндегі өзен жағалауын бектіу, өзен арнасын нығайту жұмыстары басты назарға алынып отыр.
Жиын соңында Асқар Сұлтанұлы тұрғандардан келіп түскен сұрақтарды тиісті сала мамандарымен бірге жауап берді.
Кездесуден соң аудан әкімі округтегі білім және медицина мекемелерінің бүгінгі жағдайымен танысып, ондағы анықталған біршама кемшіліктерді жою бойынша жауапты бөлім басшысына нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave a reply