Четверг, 19 сентября

МАҚТААРАЛДА БАҚ ӨКІЛДЕРІ МЕН ӨЛКЕТАНУШЫЛАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕНБІЛІК ӨТТІ

0
17

Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентіндегі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағында орналасқан мемлекет қайраткері Қосман Айтмұхаметовтың ескерткішінің айналасына тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік облыстық мәслихат депутаты, «Айғақ Медиа» холдингінің директоры Дулат Әбіш бастаған БАҚ өкілдері мен өлкетанушылардың ұйымдастыруымен өтті.

Атқарылған жұмыстар барысында бұталар оталып, арам шөптер шабылды. Одан бөлек, саябақтағы орындықтар мен қоқыс жәшіктері сырланып, қоқыстан тазартылды. Тазалық шараларына облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, ауданның белсенді ардагерлері мен ауыл әкімдері, жастар қатысты.

«Көштің Мақтаарал ауданына келуінің себебі, Қосман Қайыртайұлының ерен еңбегін еске алып, оның ескерткішінің маңына тазалық шарасын өткізу болды. Біздің сапарларымыз еліміздің ынтымақ-бірлігін нығайтып, көпшілікке ой салып, жігер бермек. Біз қайда жүрсек те киелі жерлерімізге, тау-ормандарымызға, даламызға, бұлақ-суларымызға, ең бастысы тұрып жатқан жерімізге үлкен жанашырлықпен қарауымыз керек» — деді, Дулат Әбіш.

Жалпы бұл бағытта өңірдегі республикалық жолдардың 80% немесе 555 шақырымы тазартылды. Облыстағы 1 270 аялдаманың 1 004-і ретке келтіріліп, 79%-ға орындалды. Осы салада жауапкершілік пен тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, Полиция департаменті тарапынан жыл басынан бері 6539 шаралар қолданып, жалпы көлемі 80 млн. теңгеден аса айыппұл салынған.

Тазалық жұмыстарын жандандыру үшін ұсыныстар енгізілді. Бүгінде өңірде санитарлық тазалық бағытында 5 925 адам қызмет көрсетеді. Оның ішінде: 1 665-і КММ жұмысшылары болса, қоғамдық жұмыспен 4 260 адам тартылған. Талдау көрсеткендей, қоғамдық жұмысшылар әр ауылдық округке 5-10 адамнан бөлінген, бұл адам саны сапалы тазарту жұмыстарын жүргізу үшін жеткіліксіз. Осыған байланысты әр аудандағы жалпы жұмыс күшін жинақтап, құрамы 50-100 адамды құрайтын 2-3 ірі топтарға бөлу ұсынылды. Сәйкесінше, бұл топтарды тиісті техника және жеткілікті құрал жабдықтармен қамту, бөлінген ірі топтардың 1 айлық тазалық кестесін бекіту туралы да ойлар айтылды.

Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қаржы көлемін ұлғайту, техникалармен қамту, елді мекендердің тазалығын сақтауға жұмысшылар мен техника санын көбейту мәселелері де көтеріліп, тиісті ұсыныстар хатамаға енгізілді. Бұл бағытағы жұмыстар зерделеніп, іс-шаралар жаңаша форматта жүйеленбек.

Leave a reply