Thursday, November 21

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 6 МЫҢНАН АСА АДАМ ҚАТЫСТЫ

0
108

«Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акцияның «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Мақтаарал ауданында жаппай сенбілік өтіп, тазалық іс-шарасына 6 мыңнан аса адам қатысты.

Аудан әкімі Бақыт Асанов пен облыстық мәслихаттың депутаты Жарқынбек Қанаев Бірлік ауылдық округі Алғабас ауылының тұрғыны, 89 жастағы батыр ана Махсуда Сүлейменованың шаңырағында болып, бүгінгі Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, ауыл жастарымен бірге батыр ананың үй ауласының тазалық жұмыстарына атсалысты. Мұндай өнегелі істер ерікті жастардың, мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен ауданымыздағы 69 елдімекеннің барлығында өтті.

Бүгінгі сенбілікте халықаралық “М-39” автожолының бойы, ауданның кіреберісі саналатын Азаттық ауылынан Атакент кентіне дейінгі, Атакент кентінен Мырзакент кентіне және Жетісайға дейінгі республикалық маңызы бар А-15 автожолының бойы және Мырзакенттен Жетісайға дейінгі облыстық маңызы бар Кх-100 автожолының бойына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Акцияға аудан әкімі Бақыт Асанов бастаған аудан әкімі аппараты, ауданның дербес бөлімдері, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдіктері, жалпы мемлекеттік қызметкерлер және дербес бөлімдерге қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мектеп, балабақша ұжымдары, аудан бойынша шекара басқармасының сарбаздары, аудандық төтенше жағдай бөлімінің мамандары, қоғам белсенділері, жалпы аудан тұрғындары қатысты.

Сенбілікте автожолдардың бойы жабайы шөптерден тазартылып, көшеттер егілді. Аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары атқарылып, билбордтар және жарықшам бағаналарына бояу жағылды. Жаңадан көшеттер егіліп, дарақтарды ақтау жұмыстары да қоса жүргізілді. Жалпы сенбілікке 22 техника, 6 мыңнан аса адам қатысып, 32 тонна күл-қоқыс шығарылды. 120 шақырым автожолдың бойы, 3,5 шақырым ирригациялық жүйелердің бойы тазаланды.

Leave a reply