Thursday, November 21

МАҚТААРАЛ, САЙРАМ АУДАНДАРЫ «ТАЗА ӨЛКЕ – ТҮРКІСТАН» НАУҚАНЫНА АТСАЛЫСУДА

0
97

Еліміз бойынша «Таза Қазақстан» акциясы барлық жерде жүргізіліп жатыр. Түркістан облысында да акция аясында «Таза өлке» апталығы бойынша тазалық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. 10 сәуір мен 11 мамыр аралығында Түркістан облысында «Таза өлке – Түркістан» науқаны басталды. Осы орайда Мақтаарал ауданында мемлекеттік мекемелер тазалық жұмыстарына белсене атсалысуда. Әсіресе, «Мақтаарал сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Шолпан» балабақшасы, «Достық» дәрігерлік амбулаториясы мен Мырзакент кенті әкімі аппараты, Жаңажол ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері өз аумақтарында тазалық жұмыстарын тынымсыз жүргізуде.

Іс-шара барысында мекеме ғимараттары әктеліп, шарбақтарға бояу жағылды. Сондай-ақ қураған шөптер шабылып, ағаштар әктеліп, гүлдер егілді. Сонымен қатар күл-қоқыстар шығарылды.
Ал Сайрам ауданы бойынша тазалық науқанына Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен бөлімнің бағынысындағы «Әлеуметтік қызмет көрсету» орталығының қызметкерлері қатысты. Атап айтқанда, аумақты қоқыстан арылтып, ағаш түптерін ақтап, ауданымыздың тазалығына өз үлестерін қосты.
Қазақстан» экологиялық акциясына аудан тұрғындары, белсенді жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер белсенділік танытуда.

Аталған аудандарда мемлекеттік қызметшілер күн сайын жұмыс күнінің бір сағатын тазалық, ағаш егу сынды қоршаған ортаның абаттануына арнамақ. «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалыққа жауапты мекеме қызметшілері мен жергілікті тұрғындар аудан аумағындағы қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартып, ретсіз өсіп кеткен ағаш бұталарды бұтау жұмыстарын атқаруда.

Leave a reply