Четверг, 10 июля

Маңғыстау облысында жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасалды

0
67

30 маусым күні сағат 20:30 шамасында Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр кентінің шетінде жеке жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгісіз екі адам оның қызметін пайдаланғаннан кейін, физикалық күш қолданып, мойнын қауіпсіздік белдігімен қысып, көліктен шығарып жіберген.

Күдіктілер Hyundai Accent маркалы автокөлігін иемденіп кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктілерді анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жалғасуда.

Leave a reply