МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ИНВЕСТИЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ШИРАТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жылдығына орай ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысында айтқан мәлімдемелерін Түркістан қаласының тұрғындарының назарына ұсынамыз. Биыл елдегі татулық пен тұрақтылықтың алтын арқауына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл толды. Осы ретте, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Қазақстан халқы ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысына қатысып, басқосудың тарихи мән-маңызына тоқталды.
Осыдан 30 жыл бұрын іргесі қаланған Ассамблея – өркениетті әлемге өзінің өміршеңдігін жан-жақты дәлелдеген институт. Шынымен де, қоғамдық келісімнің кепілі болған Ассамблея еліміздегі тұтастықтың тұтқасына, бірліктің діңгегіне, достықтың дәнекеріне айналды.
“Қазақстанда адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсіту ешқашан болған емес, болмайды да. Барша азаматтарға бірдей мүмкіндік берілген. Бұл нағыз әділдік, әділетті мемлекеттің ажырамас бөлігі. Тағы да айтарым: елдің бірлігі мен татулығы ең негізгі құндылықтарымыздың қатарында тұр. Бұл мемлекеттік саясаттың басты тұғыры. Болашақта да солай болмақ. Осы стратегияның арқасында түрлі этнос өкілдері бір шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Иә, өзара сенімге негізделген түсіністік пен төзімділік тәуелсіздікпен біртұтас ұғымға айналғалы да 30 жыл болды. Тағдыр табыстырған, тарих тоғыстырған түрлі этнос өкілдері азаттықтың арайлы таңында ортақ Отанымыздың іргесін бірге қалады. Ынтымақты ырысқа, әралуандықты байлыққа балаған біз бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін қалыптастырдық. Міне, осы діңгегі берік дүниенің жапырақ жаюуына БАҚ өкілдері, яғни сіз бен біздің әріптестерімізде әжептәуір үлесін қосып келеді”, деді Президент.
Бірлігі бекем елімізде Қазақстан халық Ассамблеясының атқарып келе жатқан қызметінің нәтижесінде елімізде этностық және діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциялық құқықтары мен еркіндігін толық қолдана алатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Сөйтіп, Қазақстанның көп этностық кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік берік орын алды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының алдына қойған басты мақсаты және түбегейлі міндеті – этносаралық қатынас саласында мемлекеттік органмен және азаматтық қоғам институтарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету. Осы мақсатта халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негізін қалаушы құндылықтар бойынша қоғамдық келісімді қолдап дамыту, қоғамдағы экстремизм мен радикализм көріністеріне тойтарыс бере отырып, азаматтың құқықтық бостандықтарына қысым жасауға жол бермеу, азаматтың демократиялық нормаларына сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру да осы ұйымның төл парызы. Ынтымақ ұйытқысына айналған ұйым бұл мақсаттырды жоғары деңгейде орындап келеді.
Қоғамдық сана қалыптасу үшін, уақыт талабына сай өзгеру үшін де оған ықпалды күш болады. Олар – өмірлік тәжірибесі бар аға буын. Қай қоғамда да алдыңғы аға буын өзінен кейінгілерге жол көрсетіп, бағыт береді. Қазақ қоғамында ол міндетті қариялар атқарды. Дала заңы бойынша ел ішіндегі екеуара немесе руаралық дау-дамайды әділ шешіп, жанжалдасқан екі тарапты мәмілеге келтіріп, татуластырыпты, тентек-теліні тезге салып, түзетіп отырыпты. Яғни қандай жағдайда да ақсақалдарымыз ел ішінің бірлігін сақтап қалуды көздеген.
“Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты. Ассамблея тарихы еліміздің егемендік жылнамасымен тығыз астасып жатыр. Ұйым 1995 жылы Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын білесіздер. Бұл бастама қазақ мемлекеттілігі қалыптасып жатқан қиын кезеңде терең саяси мәнге ие болды. Консультативтік-кеңестік орган ретінде жасақталған Ассамблеяға 2007 жылы конституциялық мәртебе берілді. Ұйым жалпыұлттық бірліктің негізгі моделіне айналды.Елімізде соңғы жылдары атқарылған ауқымды өзгерістердің арқасында Ассамблея қызметі жасампаздықтың жаңа сипатына көтерілді. Сенаттың бес депутатын Ассамблея кеңесінің ұсынысымен президент тағайындайды. Бұл қадам заңнамалық деңгейде барлық этностың мүддесін қорғау мүмкіндігін едәуір арттырды.Оған қоса, Қазақстан парламентаризмі тарихында алғаш рет “Бір ел – бір мүдде” атты палатааралық депутаттар тобы құрылды. Бұл топ қоғамдық келісімді нығайту мәселелерімен айналысады. Қазір мемлекеттік органдар түгел ассамблея жұмысына атсалысады. Министрліктерден, облыс әкімдіктері мен барлық деңгейдегі мәслихаттардан бастап ауыл әкімдіктеріне дейін одан шет қалмайды”, – деді президент.