Мерекеде учаскелік полиция инспекторы марапатталды

0
224
Шымкент қаласы Полиция департаменті ғимаратының алдында «23-маусым – Қазақстан Республикасының Полициясы күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Іс-шарада өз қызметтік міндетін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп жүрген Полиция департаментінің қызметкерлері марапатталды. Солардың бірі – Еңбекші ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Камал Мейіржан Нұржанұлы. Ол 17 шағынауданы, №43 учаскелік полиция пунктіне бекітілген.
Еске салайық, Мейіржан Нұржанұлы 2021 жылдың 15-маусым күні әкімшілік аумақта қызмет атқарып жүрген. Аумақты аралау кезінде 17 шағынауданындағы аллеяда жалғыз өзі ойнап жүрген 1,5 жасар баланы байқайды. Учаскелік полиция инспекторы бүлдіршіннің жанына барып, қолына алады. Анасын іздеп жақын аумақтардың барлығын қарап, тұрғындардан сұрастырады. Көп қабатты тұрғын үйдің жанына келгенде баланың анасы іздеп жүргенін біледі. Кішкентай бүлдіршінді анасының қолына аман-есен табыстайды.
Өз кезегінде учаскелік полиция инспекторының жедел әрекетіне тәнті болған баланың анасы Департамент бастығы полиция генерал-майоры Е.Жумаханбетовке алғыс хатын жолдап, Еңбекші АПБ учаскелік полиция инспекторына ризашылығын білдірді.
Бүгінде полиция қызметкерлері өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерімен бірге өзге де орын алған жайттарға жоғары жауапкершілік танытып, шұғыл түрде көмектерін көрсетіп, тұрғындардың тынышы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.

Leave a reply