Мереке қарсаңында осал топтағы аз қамтамасыз етілген 30 отбасыға азық-түлік үлестірілді

0
115
1-маусым «Балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында «АMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қалалық ардагерлер кеңесінің ұсынысымен, осал топтағы аз қамтамасыз етілген 30 отбасыға азық-түлік таратты. Қайрымдылық іс шараға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов бастаған бір топ елағалары, облыстың бас имамы Ержан Сматұлы Түлепов қатысып, әруақтарға арнап құран бағыштап, Түркістан облыстық «АMANAT» партиясының төрағасы А.Үмбеталиев бастаған ұжымға алғыстарын жеткізді.
Шараға қатысқан партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, бүгінгі күні «АMANAT» партиясының бастамасымен біршама әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып отырғандығын айтты.
Бұл жобалардың басты мақсаты – еліміздегі әлеуметтік жағынан, осал топтағы азаматтарға демеу болып, олардың тұрмыстық жағдайын мейілінше жақсартуға көмек беру болып табылады.
Сондықтан да, Облыстағы кәсіпкерлер мен белсенді партия мүшелері бірігіп, облыстағы тұрмысы төмен отбасыларға көмек қолын созып келеді.
– Дана халқымыз «Кісіні кейде таршылық сынайды, кейде баршылық сынайды» демекші, өкінішке орай, тағдырдың тәлкегінен әлі де болса, тұрмысы төмен отбасылардың саны азаймауда. Біз бұл бағыттағы жұмыстарымызды жалғастыра беретін боламыз, – деді А.Үмбетәлиев.
Сонымен қатар, партия төрағасы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов ақсақал бастаған бір топ елағаларына алғысын білдірді.

Leave a reply