Мұрат Әйтенов: қаланың жетістігі – тұрғындардың бірлігі мен іскерлігінің арқасы
Отыз жыл бұрын Шымкенттің алпыс тоғыз мың оқушысы бар жетпіс екі мектеп болса, қазір 226 мың оқушы оқитын жүз сексен алты мектеп бар.
Қала бюджеті 1991 жылы бір млрд теңге болатын, күні бүгін төрт жүз сексен млрд теңгеден асты. Өмір сүру ұзақтығы он жылға өсті. 1991-ші жылдары орташа жас 63,9 болатын, қазір жетпіс бір жас.
Осыдан отыз жыл бұрын қалада сегіз жүз отыз екі шақырым жол болса, күні бүгінге төрт есеге артып, қала жолдары үш мың үш жүз отыз бір шақырымға жетті.
Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін мәлімдеу кезінде «Бұл жетістіктің барлығы да Шымкент қаласы тұрғындарының бірлігі мен іскерлігінің арқасында болып отыр. Жыл соңына дейін де ойға алған жоспардың барлығы да орындалатынына сенімдімін» – деп сөзін түйіндеді.