НАҒЫЗ РЕФОРМАЛАР КЕЗЕҢІ АЛДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарашада өтетін президенттік сайлаудың нақты уақытын белгіледі. Кезекті президенттік сайлау 2022 жылғы қарашаның 20-сына белгіленді. Қазірдің өзінде бірнеше жаңа партиялар Орталық сайлау комиссиясының сүзгісінен өтті. Қыркүйектің 21-інде халыққа жасаған Үндеуінде Мемлекет басшысы елімізде түбегейлі реформаның басталғандығын мәлімдеді.
-Маусым айында өткен референдумның нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады.
Мемлекет «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын берік ұстанады. Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа аралас жүйе бойынша жасақталады. Депутаттардың бір бөлігі партиялық тізіммен, қалғаны бір мандатты округтен сайланады. Конституциялық сот құрылып, алдағы қаңтар айынан жұмыс істей бастайды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болды. Биліктің бірқатар өкілеттігі қайта бөлініп, кейбір құзыреттер Президенттен Парламентке берілді. Енді өңірлердің әкімдері баламалы жолмен таңдалады,-деп стратегиялық мақсатын тайға таңба басқандай түсінікті етіп, нақты атап өтті.
Ендеше, алдағы аламанның басталуына Мемлекет басшысы пәрмен берді деген сөз.
Біз де Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшелері мен белсенді зейнеткерлер еліміздің тұтастығы мен тыныштығы үшін сайлаудың белгіленген мерзімде жаңа реформаларға сай өтуін құптаймыз.
Бектас ШИРИКБАЕВ,
Түркістан қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының
бірінші орынбасары.