Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 142,4 млрд. теңгені құрады
Экономиканың басты көрсеткіші болып табылатын жалпы өңірлік өнім көлемі 2022 жылдың 8-айында 173,7 млрд. теңгені, немесе 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім +7,8 %-ды құрады.
Оның ішінде өнеркәсіп саласына 7,9% (13,8 млрд.теңге), ауылшаруашылық саласына 2,6 % (4,5 млрд.теңге), орындалған құрылыс жұмыстары 58,6% (101,8 млрд. теңге), тауар айналымы және қызметтерді өткізу көлеміне 30,9 % (53,6 млрд.теңге) тиесілі.
2022 жылы жалпы өңірлік өнім көлемі жан басына шаққанда 764,4 мың теңгені құрады (2021 жылдың есепті кезеңінде 891,9 мың теңге).
ИНВЕСТИЦИЯ
Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 142,4 млрд. теңгені құрады. (2021 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 106,0 пайыз).
Оның ішінде, республикалық бюджет есебінен 48,3 млрд. теңге, жергілікті бюджет есебінен 49,1 млрд. теңге, 33,6 млрд. теңгесі ұйымдардың өз қаржысы есебінен, сондай-ақ банк несиелері есебінен 8,4 млрд.теңге, басқада қарыз қаражаты есебінен 2,9 млрд.теңге.
Үдемелi индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына» құны 13 249,4 млн.теңгені құрайтын 17 жоба енгiзiліп іске қосылды, жаңа 2179 жұмыс орны ашылды.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 10 млрд. 332 млн. теңгені немесе нақты көлем индексінің (НКИ) 104,2% құрады. Атап айтқанда, өнеркәсіптің басымды саласы өндеу өнеркәсібінде 6 млрд. 151 млн. теңге, электрмен жабдықтау 3 млрд. 293 млн. теңге, сумен, кәріз жүйесімен жабдықтау 845,8 млн. теңгеге орындалды.
Өнеркәсіп көлемін арттыру мақсатында қолданыстағы 40 гектар жер телімі қосымша 310 гектарға ұлғайтылып, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуде.
Индустриалды аймаққа 11 454,5 млн.теңгеге 22 жоба тартылып, 2015-2022 жылдар аралығында жоба құны 8 464,5 млн. теңгені құрайтын 18 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өтіп, 1066 адамды жұмыспен қамтыды. 2022 жылы индустриалды аймаққа құны 2 990 млн.теңге болатын және 169 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің оң қорытындысын алды.
Олар:
«Ali Construction Group»ЖШС – 890 млн.теңге, 29 жұмыс орны, темір бетон бұйымдарын жасау жобасы;
«TECHTRONIC STROY»ЖШС – 500 млн.теңге, 20 жұмыс орны, темір бетон бұйымдарын жасау жобасы;
ЖК «Гүлзада» – 100 млн.теңге, 20 жұмыс орны, темір және ағаштан есіктер жасау жобасы;
«Бозарық АБЗ» ЖШС – 1500 млн.теңге, 100 жұмыс орны, асфальтты бетон сұйығын жасау жобасы;
Одан басқа жоба құны 810 млн.теңгені құрайтын 3 жоба ағымдағы жылы іске қосу жоспарланып, оның ішінде: 2 жоба
«Баянды Құрылыс» ЖШС – 593 млн.теңге, 28 жұмыс орны;
ЖК «Оспан» – 100 млн.теңгеге, 6 жұмыс орнымен шілде айында іске қосылып, жалпы 34 жаңа жұмыс орны ашылды.
«EuroBlock Production» – 113,8 млн.теңгеге, 20 жұмыс орнымен желтоқсанда іске қосу жоспарланып отыр.
КӘСІПКЕРЛІК
Жалпы қаламызда қызмет көрсету мен тауар ұсыну бойынша жергілікті кәсіпкерлік саласын дамыту негізгі басымдыққа ие.
Бұл – тұрғындар үшін тұрақты табыс көзі, қосымша жұмыс орны, ал мемлекет үшін салық және арнайы төлемдер.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында 15 701 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істеп тұр.
Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың 8- айында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 198,5 млн. теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш (97,2 млн теңге) 2 есеге артты.
ТУРИЗМ
Түркістан қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында Республикалық деңгейде іске асырылатын тарихи-мәдени мұраны сақтау бойынша ауқымды жобалар көзделген. Оның ішінде Күлтөбе қалашығының тарихи нысандарын қалпына келтіру, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің аумағын абаттандыру, сондай-ақ «Қожа Ахмет Ясауи», «Жұма мешіті», «Есім Хан» және «Рабия Сұлтан Бегім» кесенелерін және қақпаларын қалпына келтіру жұмыстары іске асырылуда. Нәтижесінде Түркістан қаласына келушілер саны едәуір арта түспек.
Шаһарда қазіргі таңда жеке инвестиция есебінен қонақ үйлер, демалыс орындары, Ойын-сауық орталықтарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Түркістан қаласында елімізде баламасы жоқ туристік-рекреациялық және «Теннис» орталығы салынды. Сондай-ақ қалада «Түркістан молл» сауда орталығы, «Отау» сауда орталығы, «Медина Палас» қонақ үйі, «Ескек есу» орталығы, Бизнес орталықтардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласында бүгінде қонақ үйлер саны 55-ге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 71,8 % – ға (2021 жылы – 32 қонақ үй) артып, жоғарғы санатты қонақ үйлер саны оннан асты.
2022 жыл 8 айдың қорытындысы бойынша келуші және туристер саны 1262,1 мың адамды құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда 89,9 пайызды (1402,9) құрады.
«Хазірет Сұлтан әуежайы» ашылғалы туристердің келуіне өз септігін тигізуде. Қазіргі таңда, еліміздің он үш қаласынан бөлек Стамбул бағытында тұрақты рейстер қойылған. Оның ішінде 11 қалаға субсидияланған рейстер ашылып, билет құны 7-9 мың теңгеден басталып сатылуда.
Түркістанға жасалатын саяхаттар туроператорлар әзірлеген турпакеттер аясында жүзеге асырылуда. «Визит Түркістан», «Quanyshtour», «Tour service Turkistan», «Лимон», «Oikumena travel agency», «Tau komek travel», «Kondor tour» және т.б. туристік операторлар есебінен қаламызға 2000-нан аса туристік маршруттар ұйымдастырылды.
8-айдың қорытындысы бойынша туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 29,9 млрд. теңгені құрады.
Түркістанда мереке күндері «Керуен-сарай кешенінде» атаулы іс-шаралар ұйымдастырылып, республикамыз бен шетелдің танымал әншілері өнер көрсетіп келеді. Жыл соңына дейін әншілер мен жұлдызды топтардың қатысуымен 15 іс-шара ұйымдастырылмақ.
Түркістан қаласында «Президент» саябағы және тұңғыш рет жағажай ашылып, балаларға арналған түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сонымен бірге көпшіліктің қатысуымен түрлі ойын-сауық бағдарламалары ұсынылып, байқаулар өтті. Су айдынында желкенді қайықтар жүзіп, облыстың ескек есушілері өз шеберліктерін көрсетті.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
2022 жылдың 8-айында ауыл шаруашалығы саласында жалпы 4 млрд. 503 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде, мал шаруашылығында 2 млрд. 115 млн. теңгенің, егін шаруашылығында 2 млрд. 388 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, жалпы нақты көлем индексі 96,1%-ды құрады.
Есепті кезеңде ет 440,9 тн өндіріліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 82,4%-ға, сүт 7 110,1 тн болып 92,6 %-ға, жұмыртқа 537,0 мың дана болып, 58,8 %-ға орындалды.
БЮДЖЕТТІК – САЛЫҚТЫҚ САЯСАТ
2022 жылға арналған бюджеті 133,7 млрд. теңге, жергілікті түсімдердің жылдық жоспары қала бойынша 52 млрд. 436 млн. теңге, 8 ай жоспары 11 млрд. 729,6 млн. теңге, нақты орындалғаны 11 млрд. 439 млн. теңге болды немесе 290,0 млн.теңгеге кем орындалды (97,5 %).
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Түркістан қаласында қазіргі уақытта Облыстық басқармаға қарасты 33 медициналық мекеме, оның ішінде 17 емхана, 1 жедел жәрдем станция және 15 аурухана қызмет жасайды.
Онда 343 дәрігерлер және 1121 орта медицина қызметкерлері бар. Бұл дегеніміз 10 мың тұрғынға – 17,9 дәрігер және 58,6 орта медицина қызметкерлері келеді.
- БІЛІМ БЕРУ
Білімді ұрпақ – ертеңгі жарқын болашақ кепілі. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары: 2022 жылы 60 күндізгі мектеп Оның ішінде 26 жекеменшік мектеп жұмыс атқаруда. 42 мектеп типтік, 11 мектеп бейімделген ғимаратта орналасқан.
Ақпарат үшін:
Мектеп алды даярлық сыныптағы бала саны 1741 болса,
1-11 сынып аралығында білім алып жатқан оқушы саны 48 697.
1-4 сыныптарда – 21623, 5-9 сыныптарда – 21479,
10-11 сыныптарда – 5595 оқушы білім алуда.
2021- 2022 оқу жылында бітірушілер саны 1950, ҰБТ-ге 1467 оқушы өтініш беріп тапсырған, жалпы тестілеу нәтижесі бойынша орта балы 79,7 ұпайды (2021 жылы -76 балл) құрайды.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Түркістан қаласы бойынша қазіргі таңда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 62 773 адамды құрайды. Биылғы жылы жұмыссыздар саны 5 023 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 5-пайызды құрады. Ал өздігімен жұмыспен қамтылғандар саны 24 628 адамға жеткен. Қазіргі таңда қаламызда 13 291 көп балалы отбасы бар.
Күнкөріс деңгейі 39 160 теңгені, ал кедейлік шегі 28 470 теңгені құрады.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беруге Түркістан қаласына жалпы 1 688,0 млн.теңге жоспарланған. Оның 1 350,4 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 337,6 млн.теңгесі жергілікті бюджетттен қаралды.
2022 жылдың 1 қыркүйекке дейін қала бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген 3,151 отбасыға (17,336 адам) 1 002,9 млн. теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Оның ішінде шартты атаулы әлеуметтік көмек 2,464 отбасыға (14 350 адам) – 686,4 млн. теңгеге шартсыз – 735 отбасыға (3 234 адам) – 316,1 млн. теңге төлем жасалды.
Ал кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындауға биылғы жылға республикалық бюджеттен 335,2 млн. теңге жоспарланып, 2022 жылдың 1 қыркүйекке 3 540 балаға тағайындалды.
Сондай-ақ, демеушілер есебінен аз қамтылған 3,157 отбасына азық-түлік себеттері берілді, оның ішінде “Ел тірегі – Елбасы” акциясы аясында 2,147 отбасыға, ерікті демеушілер есебінен 100 отбасына 50 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілген.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау туралы
Мүгедектердің жалпы саны – 11 138 адам. Оның ішінде;
1-топ мүгедектер – 863
2-топ мүгедектер – 4 960
3-топ мүгедектер – 3 817
16 жасқа дейінгі бала мүгедегі- 1 498
Түркістан қаласы бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мемлекеттік қызмет алу үшін мүмкіндігі шектеулі 2 805 адам есепте тұрады.
Оның ішінде: Мұқтаж мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету үшін:
– «Инватакси» қызметіне жергілікті бюджеттен 43,2 млн. теңге қаралып 194 адамға, Әлеуметтік такси қызметіне ЖБ 5,0 млн. теңге қаралған, 13 зағипқа қызмет көрсетілді.
– жүріп тұруы қиын 1-топтағы мүгедектерге жеке әлеуметтік көмекшіге жергілікті бюджеттен 284,9 млн. теңге қаралып 330 мүгедекке қызмет көрсетілді.
– естуі бойынша ымдау тілі мамандарының әлеуметтік қызметін ұсыну үшін 35,0 млн.теңге қаржы (РБ,12,6,млн.,теңге, ЖБ 22,4 млн) теңге қаралып, 2022 жылдың 8-айында 88 мүгедекке қызмет көрсетілді.
– мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік қолдау көрсету үшін міндетті гигиеналық құралдарға 177,4 млн. теңге (РБ 90,8 млн. теңге, ЖБ 86,6 млн.теңге) қаралды.
Мәдениет және спорт
Жылдық жоспарға сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар-тамызға дейін 2022 жылға 72 мәдени іс-шаралары өткізіліп, 10,0 мыңнан аса көрермендер қатысты. Олардың ең ауқымдыларының ішінде:
Мемлекет қайраткері, ғалым Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығына арналған, Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдығына орай «Мемлекеттік Рәміздер еліміздің айбыны» атты патриоттық, Ауған Республикасынан Кеңес әскерлерінің шығарылуының 33 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» іс шаралары болып өтті.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша:
Түркістан қалалық ОКЖ бойынша 13 кітапхана-филиалы мен Түркі тілдес халықтарының кітапханасы жұмыс жасауда. Оның ішінде:
– 1 орталық кітапхана;
– 1 балалар кітапханасы;
– 11 қалалық кітапхана-филиалы.
Жалпы кітап қоры – 398,1 мың, оқырман саны – 19,2 мың, келушілер -148,6 мың, берілім – 310,1мың кітап, 464- мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Қалада статистикалық есеп бойынша – 231 спорт нысаны бар. Атап айтсақ:
1-Спорт сарайы, 3 – стадион (ХҚТУ, О.Жарылқапов, Түркістан Арена), 4 – спорт кешені (Бокс Федерация, Б.Шолақ, №4 БЖСМ, Халықаралық туризм меймандостық академиясы), 139 – спорт ойын алаңдары,10 – теннис корттары,
7 – жүзу бассейндері (Спорт сарайы, Су спорт кешені, «Акваланд» су кешені, «Шипа су» бассейні, «ХҚТУ» бассейні, «Нұрасыл» бассейні, «Rixos» қонақ үйі бассейін), 69 спорт залдары бар.
Түркістан қаласында заманауи үлгідегі жасанды төсенішпен 64 ашық спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілді (31 кіші футбол алаңы, 16 баскебол алаңы, 7 теннис корты, 7 «Street Workout» алаңы, 3 «Street bаll» алаңы).
Қала тұрғындары спорттың 12 түрінен спортпен айналысуда. (волейбол, бокс, таэквандо, тоғызқұмалақ, баскетбол, қазақ күресі, самбо, үстел теннисі, футбол, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес).
2022 жылдың 22-29 наурыз аралығында Екібастұз қаласында 2005-2006 ж.т қыздар командалары арасында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионатында және 2022 жылдың 6-19 сәуір аралығында Өскемен қаласында өткен волейбол спорт түрінен «Шұбар доп» «Ұлттық мектеп лигасы» Республикалық кезеңінен Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының оқушылары Түркістан қаласының намысын қорғап, командалық есепте I орынды иеленді.
Петрапавлск қаласында 2006-2007 ж.т қыздар командалары арасында Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатында Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясының оқушылары Түркістан қаласының намысын қорғап, командалық есепте II орынды иеленді.
2022 жылдың 15-23 маусым аралығында Мальдив аралында Батыс-Азия (Қазақстан, Индия, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Түркменстан, Араб Әмірлігі т.б) елдерінің арасында өткен біріншілікке Қазақстанның намысын қорғауға Түркістан қаласынан Әсия Талғатбекқызы қатысып блиц (шахмат) түрінен I орын, классикалық шахмат түрінен III орынды иеленді.
Түркістан қаласында Астана күніне орайластырылған қазақ күресінен «ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ» республикалық турниріне қалалық іріктеу жарысында және облыстық іріктеу жарысында Түркістандық палуан Абдіғани Бибарыс 1 орынды иеленді.
Cпортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындар саны 71 452 құрап отыр, халық санына шаққанда 36,8 % құрайды.
«2022 жыл – Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылына» орай:
Халықаралық «Alash Pride» аралас жекпе-жектен жастар арасындағы Халықаралық турнирі өтті.
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ
Түркістан қаласының құрылыс бөлімі тапсырысымен Әкімшілік-іскерлік орталықта 2020 жылдан бастап көпқабатты 89 үйдің (5649 пәтер) 360,6 мың ш.м. (кредиттік 4488, кезектегі 1161 пәтер) құрылысы басталып,
Оның ішінде:
2020 жылы: 7 үй 336 пәтер (барлығы кредиттік).
2021 жылы: 29 үй 1921 пәтер (кредиттік 1427, кезектегі 494 пәтер).
2022 жылдың 9 айымен: 31 үй 1889 пәтер (кредиттік 1199, кезектегі 390 пәтер) пайдалануға берілді.
Сондай-ақ қазіргі таңға қалғаны: 22 үй 1503 пәтер (кредиттік 1226, кезектегі 277 пәтер)
Олар №11 көшеде орналасқан 12 қабатты 11 тұрғын үй (ФЕБ Строй-5 үй, Шымкентқұрылыс-4 үй, Дос и К Сервис-2 үй). Аталған үйлердің қабылдау мерзімі қыркүйек-қазан айларында қабылданады.
Сонымен қатар, №9 көшеде орналасқан 12 қабатты 8 тұрғын үй (Ақ-Нұр Строй-2 үй, Интер-2 үй, Азим Строй-2 үй, Саха-2005-1 үй, Талап Строй-1 үй) құрылысы қыркүйек-қазан айларына аяқтау жоспарлануда.
Оған қоса, стадион аумағындағы 7 қабатты 1 тұрғын үйдің (Континент Пласт) құрылысы қыркүйек айына және мердігерін анықтау мақсатында ашық конкурс жарияланған №11 көшеде орналасқан 7 қабатты 2 тұрғын үйді қарашы айына пайдалануға беру жоспарлануда.
АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ
Бүгінгі таңға, Кентау қаласындағы Біресек су кен орынынан 600 дм трубамен сағатына 1 590 м3 және Мырғамлымсай ескі кен орнынан 800 дм құбырымен сағатына 3 200 м3 мүмкіндігімен қарастырылса, қазір сумен қамтылуы сағатына 5 000 м3 Шобанақ елді мекеніндегі 40 000 м3 резервуарға және әкімшілік – іскерлік орталығының жоғарғы жағынан салынып жатқан 16 000 м3 су жинау резервуарына құйылып, су жинақталып, халыққа жеткізіледі. Бұдан бөлек, «Түркістан Су» МКК меншігіндегі 21 су ұңғымасы және «Арыс теміржолы» ЖШС-нің меншігіндегі 14 су ұңғымасы арқылы қала аумағы сумен қамтамасыз етіледі.
2023 жылы 5 (Яссы және Шавгар, Мақтазауыт, Н.Тореқұлов, Орталық су қойма 5000 м3, 1,2 мөлтек аудандар.) нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Жалпы сметалық құны 5 084,5 млн.теңге.
Жалпы 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталған кезде 13961 абонент сапалы ауыз су жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Қаланың таза сумен қамтамасыз ету 98,5%-ы құрап отыр. «Жаңадан қоныстанған аумақтарды ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы» жалпы сметалық құны 789,4 млн.теңге, 2022 жылға қаралған қаржы 80 млн.теңге. Қажетті қаржы 709,4 млн.теңге.
САРҚЫНДЫ СУ ЖҮЙЕСІН ЖҮРГІЗУ
Түркістан қаласында қуаттылығы тәулігіне 20 мың м3 сарқынды су тазарту имараты бар. Қабылданып жатқан сарқынды су көлемі тәулігіне 4500 м3Сонымен қатар, 127 шақырым сарқынды су жүйесі, 27 дана КНС бар. Түркістан қаласы бойынша орталықтандырылған сарқынды су жүйесімен қамтылу көрсеткіші 32,2 пайызды құрап, 12297 абонет пайдалануда. Түркістан қаласын толық сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету үшін 15 нысанға бөлінген. Оның ішінде 3 нысан (Тұран-1, Отырар-1, Отырар ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын алаптан №21 канализациялық сорғы станциясына дейін ағын сулардың магистральды жүйесін салу) құрылыс жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылған.
Қазіргі таңда, 20,7 млрд. теңгені құрайтын 6 нысанның (Бірлік, Ортақ-1, Тұран-2, Бекзат, Отырар-2, Яссы және Ыждыхат) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, республикалық бюджетке 4 нысан (Түркістан-Қызылорда тұрғын үй массиві, Алтын Шаршы, Ортақ-2, Яссы және Ыждыхат 2-кезең. ) қаржыландыруға ұсынылып, 2 нысанның (Ортақ-3 және Баянауыл аумағы) ЖСҚ рәсімделуде.
Нәтижесінде 2025 жылы қала тұрғындары сапалы сарқынды су жүйесімен 95% қамтамасыз етіледі.
ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ
2021 жылдың 1 қаңтарына дейін Түркістан қаласындағы жобалау-сметалық құжаттамаларына сәйкес, бос жер телімдерін қоса алғанда 52 037 абонент толық табиғи газды пайдалануға қолжетімді болды. Қазіргі таңға пайдалануға берілген нысандар бойынша дербес шот ашып, газ пайдаланып отырғаны –33 937 абонент.
Сонымен қатар, қала бойынша жаңадан қоныстанған, жер телімдерін екіге бөлген, жер құжаттарын жаңадан заңдастырған және тағы басқада себептермен жобаға енбей қалған тұрғын үйлерді табиғи газбен қамту мақсатында «Түркістан қаласындағы табиғи газбен қамтылмай қалған тұрғын үйлерді және әлеуметтік нысандарды табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы» жұмыс жобасының құрылыс жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. (жоба құны 243 млн. 445 мың теңге, 11 473 шақырым, 450 отбасы)
ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Қаладағы сапалы жылу беру үшін тозығы жеткен нысандарды кезең-кезеңмен ауыстырылуда. 2021 жылы 1 нысанның құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 14,2 шқ. қамтылды. Жылу құбырларының тозу деңгейі 79%-дан 30% төмендеді.
Сонымен қатар 1 нысанның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құрылыс жүргізу 2023 жылға жоспарлануда. Нәтижесінде жылу құбырларының тозу деңгейі 30%-дан 10% төмендейді.
ЭЛЕКТР ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ
Түркістан қаласы бойынша 39937 электр абонентінің тек 33 937 абоненттері сапалы электр қуатымен қамтылған (орташа сағат тұтыну -48,8МВт).
Өткен жылы 3 нысанның құрылысы жүргізіліп 90% жұмысы орындалды, толық аяқталғанда 3897 абонент сапалы электр желісіне қосылады.
Биылғы жылы 1 нысан жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту және 3 нысан әуе электр желілерін кабельдік желіге ауыстыру құрылыстарын жүргізуге 2,5 млрд. теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстарын 2022-2023 жылдары атқару жоспарлануда. Нәтижесінде жеке тұрғын үйлерге арналған нысан аяқталғанда қосымша 9929 абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі. Жоба құны 4,2 млрд.теңге.
Бұл өз кезегінде қала тұрғындарын электрмен қамтуды 94,7%-дан 95,2% жеткізеді.
КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ
Қаламызды жарықтандыру мен автокөлік жолдарын күрделі жөндеуден
өткізу бағытында бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды.Қала аумағындағы жалпы 845 шақырым жолдың 323,8 шақырымы асфальт, 488,1 шақырымы тас, 33,1 шақырымы топырақ жолды құрайды. Мәселен ағымдағы жылы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында, қала аумағында 46,4 шақырым құрайтын 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта соның 5,5 шақырымды құрайтын 7 көшесінде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 42,9% құрайтын болады.
АБАТТАНДЫРУ
Түркістан қаласында бүгінде 400 гектар жерге жайғасқан 11 саябақ, 5 жасыл аймақ, 25 аллея мен гүлзар бар. Әр саябақ креативті әрі ерекше, қайталасбас үлгіде салынған. Мәселен, жалпы аумағы 38 гектарды құрайтын «Тұңғыш Президент саябағында» сыйымдылығы 100 текше метр болатын жасанды арал пайда болды. Ол үшін су ұңғымасы мен резервуар салынған. 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып, жолдар төселді. Б.Саттарханов көшесінің бойындағы «Желілік саябақтың» да жер көлемі 20 гектардан асады. Саябақта 5 мыңға жуық ағаш, 25 мыңға жуық жасыл бұта егіліп, жасанды тоған орнатылған. Мыңнан астам шаммен жарықтандырылып, субұрқақ, орындықтар, 2 мыңнан астам кіші архитектуралық форма қойылды. Жасыл желек аумағын арттыру мақсатында қалада «Отбасыңмен он тал ек!» эко-акциясы басталды. Көгалдандыру шарасы аясында бүгінге дейін егілген ағаш көшеттері 90 мыңнан асты. Көгалдандыру жұмыстары нәтижелі болуы үшін Түркістан қаласындағы ирригациялық каналдарынан 65 мың шақырым гидрантты суғару жүйесі тартылды.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Жалпы 696 құқық бұзушылықтар тіркеліп, өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 4,3 пайызға артты. Оның ішінде: ауыр 222 жағдай тіркелген өткен жылмен салыстырғанда 10,1 пайызға кеміді және аса ауыр қылмыстар бойынша 11 жағдай тіркелген өткен жылмен салыстырғанда 22,2 пайызға артқан. Қасақана кісі өлтіру 3 жағдай тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 25 артқан, бұзақылық 25 жағдайды құрады, ұрлық 177 жағдайды құрап -10,6 пайызға азайған, пәтер тонау 48 жағдай 92,0 пайызға артты, алаяқтық 259 жағдай 7,9 пайызға, есірткі 29 жағдайды құрап 30,8 пайызға артқан. Қылмыстың ашылуы 75,4 пайызды құрады (обл.78,3 пайыз) Қоғамдық орындарда 166 құқық бұзушылықтар тіркеліп 13,1 пайызға төмендеді, көшелерде 68 жағдай тіркеліп 20,9 пайызға азайды.