
«TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ-нің аудандық бөлімі мамандарының қолдауымен Қарамұрт ауылының кәсіпкері ЖК «ПИРНАЗАРОВА» атынан Гулчехра Пирназарова «Іскер» бағдарламасымен “Аграрлық кредиттік корпорация” АҚ-нан 6%-бен 6 миллион теңге несие алып, жүк тасымалдайтын Газельге қол жеткізеді. Қазір кәсіпкер жүк көлігімен кәсібін жүргізуде.
Сондай-ақ, аталған бөлім мамандарының атсалысуымен ЖК «Мамиржан» Мамиржан Рүстембеков «Іскер» бағдарламасымен “Аграрлық кредиттік корпорация” АҚ-нан 6%-бен 4 миллион теңге несиеге қол жеткізді. М.Рүстембеков ірі қара мал асырап, кәсіп етуде.