ОБЛЫС ӘКІМІ «NURYM GROUP» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

0
127
Облыс әкімі Д.Сатыбалды аудан әкімі Ұ.Сәдібековпен бірге ауданды аралау барысында «NURYM GROUP» ЖШС-нің жұмысымен танысты. Цех 2018 жылы жұмысын бастаған. Жеке есебінен және «БЖК 2020» бағдарламасы аясында қаржыландырылған. 10 мыңнан аса мал басына арналған мал бордақылайтын ферма мен ет өңдейтін цехтың жұмысы қарқынды жүргізілуде. Жер көлемі 56,25 гектарды құрайды. Жобаның қуаттылығы 5000 тонна ет жылына өндіреді. Ет өнімдері Ресей және Өзбекстан елдеріне экспортталады. Қамтылған жұмыс орны – 25 адам. 2021 жылы өндірген өнім көлемі 1141,6 тонна ет өнімі болса, оның 962 тоннасы экспортталды. Биыл 9 айында өндірілген өнім көлемі 3800 тоннаға жуық ет өндірілді.
Облыс басшысы кәсіпкердің жұмысын қолдап, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жұмыстарын әрі қарай жалғастыруды тіледі.
Одан бөлек, аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев аудандағы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік салаларындағы негізгі көрсеткіштерді баяндады.

Leave a reply