Омарташылықты отбасымен кәсіп еткен

0
133
Бал – әрі азық, әрі бизнес. Балдың адам өміріне тигізер пайдасы көп. Оның құрамы түрлі өсімдіктерден жиналған дәрумендерге толы. Омарташылық – қыр-сыры көп кәсіп. Бүгінде бал арасымен айналысатын омарташылар саны жылдан жылға артып келеді. Соның бірі Қарасу ауылының тұрғыны – омарташы Равшан Алиев.
Равшан Алиев 20 жыл бұрын осы кәсіпті қолға алған. Бүгінде өз кәсібіне балалары мен немерелерін баулып жүрген жайы бар. Болашақта шаруасын кеңейтіп мол өнім алмақ ниетте. Равшан Алиевтің айтуынша бал аралар күн суыта бастағанда қыстық ұйқыға кетеді. Бал араларының бал жинау уақыты сәуір айында басталады екен. Себебі сәуір айы нағыз егістіктің егіліп, көгерістің шығатын уақыты. Омарташының ауласында 50-60- қа жуық түрлі түске боялған жәшіктер тұр. «Ол аралардың мекен ететін ұялары, дәл қазір аралар балмен қоректеніп жатыр» деп жауап берді кәсіпкер. Әр жәшіктің ішінде 45 мыңға жуық бал жинайтын ара мен бір аналық ара болады екен. Аралар бал жинау барысында 3 шақырым қашықтыққа дейін ұшып, өсімдіктерді тозаңдандыра алады. Әрбір ара өзі шыққан ұяшығына қайта оралып, бал жинайды. Бір қызығы сыртқа ұшып шыққан аралар өз мекенін адаспай тауып келе алады екен. Егер де бірі адасып көрші жәшікке кіріп кетсе, оны өзге аралар өлтіріп тастайды екен. «Әр ара ары кетсе 10-15 күн ғана өмір сүреді»-дейді кәсіпкер. Равшан атаның айтуынша балға деген сұраныс әсіресе пандемия кезінде артқан көрінеді.
Осы орайда табиғи балдың түрлері мен пайдасына тоқталайық. Өмірде табиғи балды ажырату оңай емес. Қантты бал араны қант шырынымен қоректендіру арқылы алынады. Сатушылар оны табиғи балға араластырып сатады. Бұл орайда табиғи, жасанды балды ажыратуға ешқандай анализ көмектеспейді. Жасанды балдың құрамында қант, қант крахмалы, ұн, желім, гипс болады. Оның кейбірін үй жағ-дайында анықтауға мүмкіндік бар. Ол үшін бір стақан қайнаған су аласыз да оған балды араластырасыз (Бір стақан суға жарты стақан бал). Сол кезде тұнбаның төменгі жағында немесе бетінде механикалық қалдықтар шыға келеді. Ол – балдың құрамында крахмалдың бар екендігінің айғағы.Гүлдейтін қанша ма өсімдіктер бар болса, сонша ма балдың түрлері бар. Біз енді солардың бастыларын атап айтсақ.

Түйебұршақ (донник) ба-лы бірінші сортты балға жатады. Ақ немесе ашық – янтарь түсті болып келетін хош иісі бар балдың бұл түрі глюкоза-ға бай. Түйебұршақ балы ішек ауруларына пайдалы.

Шайқурай (кипрей) ба-лы мөлдір жасыл сары түсті сұйық бал. Балдың бұл түрін әлсіздікке, жараны қайтаруға пайдаланылады.

Жөке (липа) балы жақсы сортқа жатады. Сары жасыл түсті балдың бактерияға қар-сы қасиеті бар. Жөке балының тамақ ауруларына пайдасы мол. Сондай-ақ, тыныштандыратын, ұйқыны жақсартатын қасиеті бар.

Шабындық (луговой) ба-лы бірінші сортты балға жатады. Сары қоңыр немесе алтын түсті балды шабындықта-ғы түрлі гүлдерден алады. Бұл бал арқылы тыныс алу, жүйке, жүрек және ас қорыту жүйесін емдеуге болады.

Таңқурай (малина) балы ақ түсті болады. Жоғары сорт-қа жататын балдың бұл түрі суық тигенде тұмаудың алдын алу үшін пайдаланылады.

Қарақұмық (гречишный) балы қою қызыл немесе қоңыр түсті болады. Жоғары сортқа жататын бұл балдың ерекше иісі бар. Қарақұмық балы темірге, магний, мысқа бай бол-ғандықтан, түрлі қан ауруларын емдеуге пайдаланылады. Жүйке жүйесіне де қарақұмық балы бірден-бір ем. Сондай-ақ, тері ауруларын да балдың осы түрімен емдеуге болады.

Ара балының химиялық құрамы шырын жинаған өсімдіктердің түріне, ол өскен топыраққа, сол жердің ауа-райының жағдайына және балдың түрлеріне тығыз байланысты.

Гүл балының құрамында 12-13 пайыз су, 0,4 пайыз белок, 0,3 пайыз күл, көмір сутегі, глюкоза, жүзім қанты, сахороза, мальтоза, т.б. бар. Және де В3, В5, А, С, Н, Е, К дәрумендері, минералды тұздар, ферменттер, сон-дай-ақ, химиялық элементтер (калий, кальций, фосфор, хлор, күкірт, натрий, темір, марганец, мыс, т.б.) кездеседі. Бұлардан басқа алма, жүзім, қымыздық тә-різді қышқылдар да болады Ара балының сапасын, негізінен, хош иісі, дәмі, түсі, тығыздығы, ылғалдығы, қоректік, жабысқақтық қасиет-тері арқылы анықтайды. Ара балының қуаты жоғары. Оның 1 келісі 3150 кал қуат береді. Ара балы адам ағзасын дәрумендермен, белокпен, ферменттермен тағы да басқа тіршілікке қажетті заттармен байытып, қамта-масыз етеді. Балды құрғақ, жақсы желдетілген бөлмеде 5 градустан 10 градусқа дейінгі температурада сақтайды.

Омарташылар жазға жақын жәшіктерін арнайы тіркемеге артып, көгерісі мол мекенге аттанады. Сол жерде араларды бостандыққа жібереді. Кейде бауға , кейде тауға көшіп жүретін омарташылардың жұмысы әсте оңай емес. Балды жинау барысында ара шағып алатын жағдайлар көп болады екен. Өзімізде айына, жылына ара шағып алса , шаққан жері қызарып, әлемді басымызға көтеріп бір жылап аламыз ғой. Ал, омарташы Равшан Алиевті бір күнде 40-45 рет шағып алатын кездері көп. Бұл күнде аралардың шаққанын шыбын шаққан құрлы көрмейтін кәсіпкер «Өз кәсібін сүйетін» жан ғана жетістікке қол жеткізеді» дейді.
С. АБЫЛБЕК.

Leave a reply