ОРДАБАСЫДА ЕКІ МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ БАР ҮШ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ
Бүгін Қараспан ауылдық округіне қарасты Бейсен, Мақташы және Ақжол ауылдарына табиғи газ берілді. Тұрғындардың қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәлет Жұмабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей арнайы келіп, құттықтау сөз сөйледі.
Өз кезегінде тұрғындар көгілдір отынды ұзақ күткендерін айтып, игі істі қолға алған ащаматтарға алғыстарын жеткізді. Бейсен ауылына газ тарту жұмыстары 2020 жылы басталып, жалпы ұзындығы
7 шақырымнан асатын құбыр тартылған. Қазіргі таңда ауылда 363 адам тұрып жатыр. 51 абонент бар.
Мыңға жуық тұрғыны бар Мақташы ауылындағы газ тарту жұмыстары 2021 жылы басталған. Он шақырымнан астам құбыр жүргізіліп, бүгінде 174 абонент үйлеріне газ тарту шаруасына кіріскен. Ақжол ауылында 748 адам тұрып жатыр. 124 абонент бар. Ауылға тартылған газ құбырының ұзақтыңы 9 шақырымға жуықтайды.
Жалпы, аудандағы 57 елді мекеннің 22-сі табиғи газбен қамтылып отыр. Қараспан ауылын маусым айының ішінде қосу жоспарлануда. Қыркүйек-қазан айларында тағы 10 елді мекенге газ тарту жұмыстарын аяқтау көзделуде.