Воскресенье, 8 сентября

ОРДАБАСЫ: АУДАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

0
57


Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толуына орай облыстың мемлекеттік қызметшілері арасындағы кіші футбол, қазақ күресі, үстел теннис, шахмат, волейбол, жүзу т.б спорт түрлерінен Түркістанда жарыс өткізілді. Кіші футболдан ауданымыздың командасы (мемлекеттік қызметшілері)
29 команданың (аудан,қала мен басқармала мен департаментер арасында) ішінен ІІ орынды иеленді. ІІІ-топта Ордабасы ауданы, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы, Келес ауданы, Жетісай ауданы болып жеребе тартылды. Ауданның командасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасын 3:0 есебімен ұтып, Келес ауданы мен 1:1, Жетісай ауданы мен 0:0 тең нәтиже көрсетіп, ІІІ-топтан 1-ші орын алып келесі кезеңге өтті. 1/8 жартылай кезеңде Сайрам ауданын 1:0 есебімен және 1/4 кезеңде Отырар ауданын ұтып, ақтық кезеңге жолдама алды. Ақтық кезеңде Сарыағаш ауданы командасымен 0:0 тең нәтиже көрсетіп, пенальтиден есе жіберді. Жарыс нәтижесінде ІІ орын ауданның командасына бұйырды.
Сонымен қатар, аудан орталығындағы “Мәдениет үйінде “23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне” орай іс-шара болып өтті. Атаулы шарада аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат аппарат басшысы Арсен Ахметов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбегі еленген бірқатар мемлекеттік қызметшіге алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.
-Құрметті мемлекеттік қызметкерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
“Мемлекеттік қызмет — халыққа қызмет”. Еліміздің жан-жақты дамуы жолында мемлекеттік қызметшілердің еңбегі орасан зор. Ел үшін қызмет ету, оның ішінде ауданымыздың дамуына үлес қосу – азаматтық борыш, зор абырой.
Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, құт-береке, амандық тілеймін!- деді аудан әкімі.
Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне арналған ізгі ниетін жеткізді.

Leave a reply