Thursday, November 21

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА 379 МАЛ БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

0
30

Аудандағы жалпы мал бордақылау алаңдарының саны – 379. Оның ішінде былтыр мал бордақылайтын 100 жаңа алаң ашылды. Нәтижесінде ауданның бордақылау алаңдарында 7 мың тоннаға жуық тірі салмақта ет өндірілді. Өнім Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының базарларында өткізілуде.
Сонымен қатар, ауданда 110 сүт фермасы бар. Қазір мұнда 2 мың бас сиыр сауынға байланған. Сүт фермаларында тәулігіне 4 355 тонна сүт өндіріледі. Өткен жылы 22 сүт фермасын ашу жоспарланып, іс жүзінде 26-сы ашылды. Жоспар 124 пайызға орындалды. Сонымен қатар, өткен жылы жоспарланған 3 құс фермасының орнына, 5 құс фермасы іске қосылды.

Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында мал шаруашылығын асылдандыру бағытында «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» мемлекеттік бағдарламалары жүзеге асырылып келеді. Былтыр «Сыбаға» бағдарламасымен 665 ірі қара мал сатып алынып, тапсырма 139 %-ға орындалды. «Алтын асық» бағдарламасымен 2 мыңнан астам асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу жоспарланып, нәтижесінде 2 есеге артық мал басы алынды. Яғни жоспар 190 пайызға орындалды.

Сондай-ақ, «Құлан» бағдарламасымен 277 бас жылқы алу жоспарланып, жоспар 104 %-ға орындалған. Биыл Ордабасы ауданында мал шаруашылы мен құс өсіруді дамытуға басымдылық берілуде. Бұл ретте, ауданда орналасқан ірі кәсіпорындар мен жергілікті шаруалар арасында кәсіпорындарды мал азығына қажетті шикізатпен қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жандандырылатын болады.

Leave a reply