Четверг, 19 сентября

ОРДАБАСЫ: ЕҢ БАСТЫ МІНДЕТ — ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН КӨТЕРУ

0
60


Аудан әкімі Азат Оралбаев Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне есеп берді. Ауданның өнеркәсіп, бюджет, жалпы өңірлік өнім, ауыл шаруашалық, инженерлік-инфрақұрылым, инвестиция, индустриаландыру, құрылыс, туризм, жұмымпен қамту, білім, медицина, спорт, мәдениет саласы бойынша жүзеге асқан жұмыстарды тізбелеп, алдағы жоба-жоспарларымен бөлісті.
Әкім баяндамасындағы ауданның экономикалық өсім көрсеткіші, ел-халықтың әлеуетін арттыруға арналған жобаларға тоқталар болсақ;
2024 жылы 14 жоба оның ішінде 5 ірі жоба, инвестициялық құны 47,2 млрд.теңгеге 608 жаңа жұмыс орнымен іске асырылады деп жоспарлануда.
Нақтылар болсақ:
«De Support» ЖШС-нің көгалдандыру және ПЭТ қалдықтарын өңдеу жобасын жүзеге асырып, 300 азаматты жұмыспен қамту;
«Gen Group Kazakhstan» ЖШС-нің цитрус өнімдерін өсіру жобасын жүзеге асыру. Қуаттылығы жылына 10 000 тонна банан, авокадо өнімдерін алу жобасы аясында 150 тұрғынды жұмысқа орналастыру;
Қуаттылығы бойынша жылына 100 мың куб ағаш өңдейтін «BalKausar» ЖШС-нің павлония жеңіл ағаштарын өсіру жобасын жүзеге асырып, 20 азаматты жұмыспен қамту көзделуде.
Сондай-ақ, ауданда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан «Бөрте милка» ЖШС-нің сүт өңдеу зауытының өндірістік қуаттылығын қосымша тәулігіне 9 тоннаға ұлғайту жоспарлануда.
Аталған жоба «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қаржыландыруға бағытталып, бүгінгі күнге несие комитетінің оң қортындысын алды.
Жәнеде 120 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтамасыз ететін «АДС-Агро» ЖШС 30 мың бас қой, 10 мың бас ірі қара мал бордақылау кешенін салу жобасы.
Жоба Халықаралық ауылшаруашылығы қолдау қоры арқылы қаржыландырылады (2024-2026 жылдарға жоспарланған).
Сонымен қатар, күн көзінен баламалы энергия қуатын өндіру жобасы сияқты бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда.
Аудан әкімі брифинг барысында ауыл тұрғындары арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында Шұбарсу ауыл округінде жылыжай өнімдерінің көлемін арттыру, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтардың санын 2 есе қысқарту мақсатында 15 гектар жер телімі жылыжай кешенін салу үшін бөлініп отырғандығын жеткізді. Қазіргі таңда, 100 азамат жер телімдерін алып кәсіп бастауға өтінім білдіріп отыр.
Одан бөлек, аудан аумағындағы жергілікті тұрғындардың тұрмыстық деңгейін арттыру үшін өңдеу өнеркәсібі саласындағы әр түрлі кіші қуатты цехтарды бір жерге шоғырландырып, арнайы шағын өндірістік аймақ құру бағытында Шұбар аумағынан 10 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылым желілерін жүргізіп беру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қорыта айтқанда аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы өз баяндамасында аудан әкімдігі бірінші кезекте халықтың әл-ауқатын көтеруге қызмет ететіндігін жеткізді. Брифинг соңында БАҚ өкілдері аудан басшысына көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Leave a reply