ОРДАБАСЫ: МӘДЕНИЕТ ПЕН СПОРТ САЛАЛАРЫ АУДАН ӘКІМІНІҢ НАЗАРЫНДА
Аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Онда аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Нуриддин Асанбаев, аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков және “Таза су” МКК директоры Қадырхан Табиров өткен жылы атқарылған жұмыстар мен
2024 жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады.
2023 жылы ауданда халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық деңгейде 12 іс-шара өткен болса, осы жылы 18 іс-шара өткізу жоспарланған. Сонымен қатар өткен жылы түрлі деңгейде 175 спорттық жарыстар өткізілген. Биыл 184 спорттық шара өткізу жоспарлануда.
Қазіргі таңда мәдениет мекемелерінде, ауылдық округтердегі әкімдіктерде, түрлі бағытта жұмыс жасайтын ғимараттарда, жеке жайларда 30-дан астам кітапхана бар. Олардағы жалпы кітап қоры 282 мыңнан асады. Аудан тұрғындарының 42,5%-ы (54799 адам) спортпен тұрақты шұғылданып тұрады. Тұрғындарға аудандағы бас-аяғы 165 спорттық нысан қызмет көрсетуде. Жалпы, бөлім басшысы мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы, жергілікті бюджеттен құрылысы басталған спорт алаңшалары, мәдениет үйлерін жөндеуден өткізу бойынша жүзеге асып жатқан, алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстарды да тілге тиек етті.
Өткен жылы ауданда “Ауыл аманаты” бағдарламасы 4 ауылдық округте (Бадам, Бөржар, Шұбар, Қараспан) 6 бағытта (өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерін жабдықтау, өз кәсібін жаңғырту) жүзеге асты. Жалпы саны 359 құжат өткізілген. 261 жоба мақұлданған.
2024 жылы аталған бағдарламаны 4 ауылдық округте (Қажымұқан, Шұбарсу, Төрткүл, Бөген) АӨК құру арқылы жүзеге асыру жоспардануда. 478 адам жобаларға қатысады деп күтілуде.
”Таза су” МКК-ы аудандағы 48 е/м, яғни 12 мыңнан астам абонентке (65 мыңнан астам адам) су беру қызметін көрсетеді. Мекеме директоры ауданда бірқатар елді мекен көшелерін ауыз су жүйесіне қосу, ауыз су жүйесін жүргізу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтып, а.ж.күрделі жөндеуді қажет ететін нысандарға тоқталды.
Өз кезегінде аудан әкімі Азат Оралбаев баяндама жасаған бөлім басшыларына проблемалар мен жетістіктерді, көрсеткіштерді ашып көрсетуді, сондай-ақ барлық салада жұмыстың қайнап жату керектігін айтып, орынбасарларын, аппарат қызметкерлерін, ауыл әкімдерін және барлық бөлім басшыларын ескі есеп беру үрдісінен кетіп, жаңашылдыққа бет бұруға шақырды. Әсіресе ауыл әкімдеріне жұмысқа жауапкершілікпен қарауды, жоспармен жұмыс істеуді қатаң тапсырды. Сондай-ақ аудан тұрғындарының тұрмысын түзеуге бағытталған бағдарламалардың жүзеге асырылуы өзінің жіті бақылауында болатындығын жеткізді.