ОРДАБАСЫ: МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕР – ЕГІЗ ҰҒЫМ

0
109


2023 жылы Мәдени саясаттың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданған болатын. Осы тұжырымдамаға сәйкес қазіргі таңда елдегі 700 мәдени ғимарат жөндеуден өтті, 168 жаңа ғимарат салынды. Мәдениет пен өнер адам баласын рухани жетілдіріп, кемелденуіне есік ашатын маңызды сала. Сондықтан мемлекет тарапынан бұл бағытқа айрықша қолдау білдіріліп жүр. Сондай-ақ рухани құндылықтарымызды сақтау, жаңғырту, қайта жандандыру бағытында біршама жұмыс атқарылып келеді. Соның бірі жайында Мемлекет басшысы айтып өтті.
Мәдениет – елдің рухани күші. Әрбір халық өзіндік мәдениетімен, өнерімен, салт-дәстүрімен ерекшеленеді. Мәдениет пен өнер – егіз ұғым. Сондықтан, елдің өнерін алға сүйреп, ұлт мәдениетін дамытуға үлес қосып жүрген осы сала қызметкерлерінің қоғамдағы алар орны ерекше.
Aудан әкімі Азат Оралбаев мәдениет саласының қызметкерлерін арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Кәсіби мереке иелеріне дендеріне саулық, отбастарына амандық, еңбектерінің жемісті болуына тілектестігін білдіріп, Алғыс хат табыстады.
Сондай-ақ аудан басшысы жуырда ғана Түркияның Стамбул қаласында өткен Zhibek zholy Kazakhstan байқауында “Show me your love” әнін орындап гран-при және Италияға жолдама алған ордабасылық Еңлік Тәжібекке де алғыс жариялап, сый-сияпат жасады. Аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған “Жас толқын” балалар мен жасөспірімдер театрының қатысушысы болып табылатын талантты бүлдіршін ағымдағы жылдың маусым айында Алматы қаласында өтетін Жас Қанат Азия даусы байқауына дайындалу үстінде.
Айта кету керек, осынау жауапкершілігі мол салада ауданның мәдениетін өркендетуге, тұрғындардың рухани кемелденуіне аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері де өз үлестерін қосып келеді.
Мәдениет – ел мәйегі, оның рухани болмысы болса, өнер – ұлттың жаны, мәдени айнасы.
Руханияттың осы қос ұғымын дамыту, жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұлттық өнерді дәріптеу мәдениет қызметкерлері арқылы жүзеге асып келеді. Бұл бағытта атқарылып жатқан әрбір игі іс адам баласының жан-дүниесін байытып, сезіміне шуақ сыйлап қана қоймайды, санасын серпілтіп, ізгілікке бастайды.
Мәдениет – ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы, елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Бүгінде Еуразияның ең бай да бірегей мәдениетінің қатарына қазақ мәдениетінің де кіргендігі – біз үшін үлкен мақтаныш. Дана халқымыз «Өнер – ұлттың жаны» деп бекер түстемесе керек. Өркениетті ұлт алдымен тарихымен, өнерімен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлесімен танылып, бағаланады.
Қай халықтың болмасын, өзге жұртқа ұқсамайтын , бөлек болмыс-бітімін даралап, өзіндік
тағдырын айқындайтын басты белгісі-мәдениеті мен өнері. Мәдениет- ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ел ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады.
Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде дәстүрлі халық өнері дүниеге келді. Қазақ әні мен күйінде халық өнерінің әр кезеңдегі тыныс-тіршілігі, заман үні көркем көрініс тапқан. Халық өнері ән-жыр, толғау, терме, күй түрінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілген. Соның нәтижесінде бай
музыкалық мұра жасалды, мәдениеті қалыптасты. Кез келген мемлекеттің, қоғамның қалыптасуы мен дамуына мәдениеттің қосар үлесі зор. Мәдениет- адамзатты тұлға деңгейінде қалыптастыратын негізгі құрал, өнер- мәдениеттің алтын қазынасы. Елімізде мамырдың 21 жұлдызы -мәдениет пен өнер күні болып белгіленіп, жыл сайын аталып келеді. Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Бір-бірінсіз жетімсіреп тұратындай. Мәдениеттің мәйегі өнер арқылы дәріптеліп, халықтың құлағына жетіп жатады.Қай халықтың өнері биік болса, сол халықтың рухы да жоғары болатынын өркениетті елдердің үрдісінен аңғарамыз. Мәңгілік еліміздің өлшемі болатын тілімізді, дінімізді, салт-сана мен дәстүрімізді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, халықтың рухани дүниесін жаңғыртып-байытуға, мәдениеті мен әдебиетін тануға өлшеусіз қызмет ететіндер – мәдениет қызметкерлері.
Ұлттық сананың кемелденуі жолында мәдениет саласының мамандарының қосатын үлесі орасан. Мұның барлығы – өнер адамдарының еселі еңбегі, жүйелі жұмысы. Өмір айнасы өнер болған соң, ол жарыққа шықпай тұра алмайды. Олай дейтініміз, мәдени шаралардың өзі – өмірдің бір бөлшегі және ұрпаққа берер тәрбие.

Leave a reply