Пятница, 18 октября

«ОРДАБАСЫ» ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ҚОРЫҒЫ — ІШКІ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ КӨЗІ

0
74


Жуырда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ мен Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорық -музей қызметкерлері арасындағы меморандумға сәйкес студенттерге арнайы көрме ұйымдастырылды.
Көрмеге оқу тәжірибесінен өтіп жатқан болашақ тарихшылар қатысты. Назарға ұсынылған артефактілер еліміздің өңтүстік өлкесінен табылып, жинақталған. Тас кезеңінен орта ғасыр кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды.
Шараның мақсаты жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау және дәріптеу болып табылады. Сондай-ақ, болашақ жас мамандарды археология саласын далалық қазба жұмыстарымен ұштастыра отырып, ұлттық мәдени құндылықтарымызды насихаттау. Студенттер көрмеден ерекше әсер алып, археолог мамандығының асқан төзімділікті қажет ететін сала екенін ұғынды. Ұлттық жәдігерлерді қолмен ұстап, ежелгі дүниеге жақындай түсті. Археологиялық тәжірибе жастардың есінде қаларлықтай мазмұнды әрі қызықты ұйымдастырылды.
Осыған орай ордабасылық тұрғындардың назарына маңызды мағлұматты ұсынып отырмыз. Іс жүзінде әр халықта белгілі тарихи себептен киелі болған жерлер бар. Бұл ұлттың тағдыры шешіліп жатқан ұрыстар даласы немесе сол күнге немесе болашаққа әсерін тигізетін тағдырлы шешімді қабылданған жер бола алады. Қазақ халқы үшін осындай киелі жер ретінде Ордабасы болып саналады.
Қазақ тарихында 1723-1725 жылдардағы жоңғар шапқыншылығы «Ақтабан шұбырынды» деп аталған, бұл тауқымет пен қаңғырып өткізген жылдар болды. 1726 жылы күз кезінде Арыс өзенінің Бадам өзенінің сол жағалауында қазақтың үш жүзінің өкілдері ұлы құрылтайды өткізген. Дәл сол жерде Ордабасыда бұрын жекеленген қазақтың көптеген тайпалары ірі және қауіпті басқыншыларына, жоңғарларға қарсы тұру үшін бірігіп, дауларын шешкен.
Бұл жер қазақ халқының тарихи, мәдени және рухани көрікті жері ретінде белгіленуі тиіс.
1994 жылы 1 қаңтарда осында «Ордабасы» тарихи-мәдени ұлттық қорығы ашылды. Ол Шымкент қаласынан батысқа қарай 40 шақырым жерде Бадам өзенінің сол террасасында орналасқан.
Қорық «Ордабасы» тарихи қорымының, сонымен қатар Ордабасы жеріндегі кешендік және жеке археологиялық, сәулеттік ескерткіштердің негізінде құрылды.Мұражай қорығының территориясында тарихи-мәдени маңызындағы 10 ескерткіш орналасқан.
Мәдени қорықтың жалпы ауданы — 1134 га. Зерттеу жасаған тарихшы ғалымдар жартасқа салынған суреттер мен көне қорғандардың кешенін тапты, олардың барлығы қорыққа кірді.
Ордабасы тауының шыңында монумент көрініп тұр, бұл сол батырлық жылдар жайында еске түсіретін 28 м биіктіктегі стела. Үш қырлы стела ақ мәрмәрден жасалған тақталармен қапталған. Оның әр қыры Қазақстанның әр шетіне бағытталған сияқты: Сырдария жағына – батыста, Қаратау тауларына – солтүстікте, Қазығұрт тауларына — оңтүстік-шығыста. Стеланың әр қырында үш ұлы бидің айтқан сөздері жазылған тақтайшалар бар.
Мемориал 2001 жылы ұлы құрылтайдың 275-жылдығының жылында және тәуелсіз Қазақстанның 10-жылдығының жылында құрылыған. Кешен авторлары мүсінші А. Мамырбаев және сәулетші Ғ. Садырбаев болды.Осы жерде 1993 жылы Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан президенттері келісімшартқа қол қойған трибуна орналасқан.
Қорық территориясына орталық кіреберісінің жанында мұнара тәрізді шағын ғимарат орналасқан, осында мұражай құрылған. Мұражай экспозициясының негізін қорық территориясында орналасқан және көне заманнан бері белсенді түрде пайдаланылған қызықты археологиялық экспонаттар құрайды. Жақсы сақталған ақинақ сақ қылышы, несториандық кресті бар кірпіш, сонымен қатар қазақ-жоңғар соғыстарының барысын көрсететін толық карталар ерекше орын алады.
Мұражайдың барлық қорларында және экспозицияларында 1376 экспонат бар.
Мұражайдан алыс емес жерде кәсіпкер Орал Сыздықовтың бастамасы мен қолдауы бойынша 1994 жылдың жазында шымкенттік суретшілерінің тобы салған басқаларға ұқсаматын тастан салынған Белгітас құрылысы орналасқан.
Тарихи-мәдени қорықтың штатында 25 қызметкер бар, олардың арасында аңшылар, ғылыми жұмысшылар, экскурсия жетекшілері бар. Жыл сайын Ордабасыға 40 мыңнан астам турист келіп отырады, осы жерде ауа райы өте ыстыө болғандықтан, туристтердің қарабалас кезеңі күз бен көктемге келеді.

Leave a reply