“Отбасыда зорлық-зомбылық жоқ” акциясы жалғасуда
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері «Сана сезім» құқықтық орталығымен бірлесе «Отбасыда зорлық-зомбылық жоқ» атты республикалық акциясын өткізді.
Акцияға «Самғау сенім Орталығы», Жастар Ресурстық Орталығы еріктілері және қалалық полиция департаментінің «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобы ат салысты. Іс-шара барысында қаланың адам көп шоғырланатын жерлерінде әйелдерге зорлық-зомбылықтың алдын алу турасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп өтті.
Бүгінде Шымкент қаласында отбасылық жағдайдағы зорлық-зомбылыққа душар болған жандарға қол ұшын созатын «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы жұмыс атқарып келеді. Орталық құқығы тапталған қыз-келіншектерге тегін және жасырын түрде заңды көмек беріп, Полицияға және мемлекеттік органдарға жүгінуге көмектеседі, деп хабарлайды Infonews Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отбасылық агрессияға қарсы жиырма бірінші маусымда басталған іс-шара отызыншы маусымға дейін жалғасады.
Көмек алу үшін 8 7252 551 200 немесе 8 708 478 96 63 тел нөмірлері арқылы байланысуға болады.