Thursday, November 21

“Отбасы құндылықтары” атты танымдық кеш өтті

0
125
Қазығұрт ауданындағы Жігерген ауылдық округінде Ардагерлер кеңесі жанынан құралған әжелер алқасының және Абай жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен “Отбасы құндылықтары” атты танымдық кеші өтті. Шара отбасы құндылықтарының маңыздылығын балаға бойына сіңіру, өз отбасына деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Кешті Абай жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушылары сынып жетекшісі Кульназия Байсаитова басқаруымен мерекелік әндер шырқалып би биленіп, отбасы жайлы көріністер қойылып өте жоғары деңгейде өтті.
Кеш соңында жігергендік әжелер отбасы мерекесімен құттықтап, отбасының құндылықтары жайлы әңгімелеп берді.

“Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген  қарапайым қағи­­дат қай дәуірде болсын өзгер­ген емес, өзгермек те емес.Отбасылық құндылықтар дегеніміз – бір-бірін сүйіп қосылған жандардың отбасын құрып, мықты шаңырақ болу мен бала тәрбиелеуде қолданатын ежелден келе жатқан ұстанымдар. Әрбір отбасының өз құндылықтары болады: өзара сыйластық, қолдау, адалдық, түсіністік, үлкенге-ізет, кішіге-құрмет, ауызбіршілік, сенім арту, махабатпен бөлісу. Отбасы – жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі. Отбасында өмірдің мәнін оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқалармен қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы – адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Жас ұрпақты отбасылық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі. Отбасы құндылықтары 3 топқа бөлінеді.Дәстүрлі отбасы құндылықтары – дәстүрлі ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де осындай отбасы. Ата-әжелерінің немересіне берген ақыл-кеңестері. Отбасы тіршілігінде осы құндылықтар, салт-дәстүрлер үнемі сақталып отырса, баланың ұлттық сана- сезімі ерте оянады. Осы жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, балаларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады.Қазіргі заманғы отбасылық құндылықтар. Қазіргі таңдағы көп отбасылар заманауи салт-дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасында әр түрлі. Ол ұстанымның өзгеру себептері заманның өзгеруіне байланысты. Себебі, әр замандағы адам әр түрлі. Мысалы, бұрынғы замандағы отбасы құндылықтарымен қазір өмір сүру мүмкін емес. Бұрын адамдар әйелдеріне орамалды сыйға тартса, қазіргі жас отбасылар бір-біріне гүл немесе көйлек сыйлайды.Тәрбиелі отбасы құндылықтары. Отбасын құрғандардың басты мақсаты – бақытты ғұмыр кешу. Адамдар некеге тұрғанда көптеген қиындықтарды бастарынан өткереді. Келіспеушілік болғанда олар өз қателерін түсініп, кешірім танытпай, қайта бірге болады. Оларды  біріктіретін тәрбиелі отбасылық құндылықтар”, деді аудандық Ардагерлер кеңесі жанынан құралған әжелер алқасының мүшесі Баян Рымбекова.

Одан бөлек, Жігерген а/о Ардагерлер кеңесі жанынан құралған Әжелер Алқасының төрайымы Баян Рымбекованың ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Бас қосуда Әжелер Алқасы Қазығұрт аудандық Әжелер алқасының жарияланған Үндеуін талқылап, оны қолдау және іске асыру жолдары жайлы ой бөлісті. Ауыл тұрғындары да қолдау көрсетіп, жүрген жерлерінде тарататынын, жақсы ұсынысты жүзеге асыратыны жайлы пікірлерін айтты.

Сонымен қатар, шарада бала отбасының үлкен құндылық екенін түсініп, ата-ана алдындағы парызын өтеуге бейімделген болса, өсе келе ол бұл бағыттың біртіндеп Отан алдындағы борышымен, азаматтық парызына ұласатынын аңғаратындығы түсіндірілді.  Одан бөлек, отбасындағы құндылықтарды бағалай алмаса, адам ұлттық құндылықтарды да құрметтемей өтуі мүмкін. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»деген қанатты сөз де осы ойдың дұрыстығын меңзейді. Отбасылық тәрбие арқылы қалыптасатын ұлттық құндылықтарды зерттей келе, оларды бірнеше бағыт бойынша топтастырып қарауға болатіндығы жеткізілді.

Leave a reply