Thursday, November 21

ОТЫРАРДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУМЕН КӘСІП АШҚАНДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

0
102

Бүгінде Отырар ауданында мемлекет тарапынан түрлі бағытта арнайы бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін дөңгелетіп отырған азаматтардың қатары артып келеді. Соның бірі аудандағы Қарғалы ауыл округінің тұрғыны Айдар Жүнісбай. Ол жеке кәсіпкер ретінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында мемлекеттен 3 миллион теңге несие алып, Жамбыл облысынан сүт бағытындағы алты бұзаулы сиыр сатып алған.
Кәсіпкердің айтуынша, ол мемлекеттік бағдарламаның арқасында жеке кәсіп ашып, біршама табыс тапқан. Қазіргі таңда әрбір сиырдан күніне 10-15 литр сүт алады. Алдағы уақытта сүт өнімдерінен құрт, май, ірімшік секілді өнімдерді өндіруді көздеп отыр.
Айта кетсек, аталған бағдарлама аясында Қарғалы ауыл округінің 47 азаматы өз кәсіптерін қолға алу мақсатында «Ырыс» МҚҰ-на ұсыныс берсе, қазіргі таңда 25 азаматтың өтініші мақұлданып, оларға 132 миллион теңге қаражат берілген.

Leave a reply