ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысында өңірді дамыту мақсатында түрлі шаралар атқарылуда. Осы ретте Отырар ауданындағы автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Отырар ауданы көлеміндегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 863,3 шақырымды құраса, оның ішінде қанағаттанарлық жағдайдағы жол 587,9 шақырымды құраған. Яғни, 68 % жол қанағаттанарлық деңгейге жеткен. Оның ішінде, жалпы ұзындығы 325,9 шақырым болатын облыстық маңыздағы жолдардың қанағаттанарлық жағдайда 192,3 шақырым, яғни, 59 % болса, 109,7 шақырым болатын аудандық маңыздағы жолдардың 90,2 шақырымы, 82,2 % қанағаттанарлық жағдайда. Ал, 427,7 шақырым ішкі көшелердің 305,4 шақырымы, (72 %) жөндеуден өткен.
Аталған жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасын таппақ. Атап айтқанда, 2024 жылы республикалық бюджет есебінен (Ауыл – Ел бесігі бағдарламасы) ұзындығы – 13,7 шақырым аудан көлеміндегі 16 ішкі көшеге (сметалық құны – 417,8 млн тг) және жергілікті бюджет қаржысы есебінен ұзындығы – 34,8 шқ (сметалық құны – 742,3 млн тг) орта және ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланып, нәтижесімен қанағаттанарлық дәрежедегі жолдардың ұзындығы 342,7 шқ, 80,1 % құрайды деп күтілуде.
Аудан көлеміндегі жол жөндеу жұмыстары жауапты мамандар тарапынан жіті бақылауға алынған. Осы мақсатта «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында асфальт жабындысы толық басылып біткен Балтакөл ауылындағы А.Алтаев және «Құрбан ата көшелері мен қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Маяқұм ауылындағы Ә.Майданов көшесіне бақылау жүргізілді. Орта жөндеу жұмыстарына тапсырыс беруші аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы С.Нәлібай арнайы нысан басындағы жұмыстармен танысып, мердігер мекемеге жұмыстарды сметалық құжаттамаға сәйкес сапалы атқаруды тапсырды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына орта жөндеу жұмыстарында көтерілген мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.