ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
62

Отырар ауданындағы жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдары және елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 863,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде облыстық маңыздағы жолдар – 325,9, аудандық маңыздағы жолдар – 109,7, елді мекен көшелері – 427,7 шақырым.

2024 жылы Отырар ауданының автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 81,1 шақырым болатын 33 нысанның жөндеу жұмыстарына қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылды. Аудан әкімінің орынбасары Жансұлтан Сейтжанов аудандағы жол жөндеу жұмыстарының барысын қадағалап, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.

Ауданымыздағы туристік бағыттағы маңызды жолдардың бірі – Отырар қалашығына кіре берістегі КХOR-27 жолы. Жолдың ұзындығы 1,7 шақырымды құрайды. Бұған дейін аудан әкімінің тұрғындарымен кездесуінде жиі көтеріліп келген мәселенің бірі бүгінде өз шешімін тауып, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудан әкімінің орынбасары аралау барысында жұмыстарды талапқа сай, сапалы жүргізілуін мердігер мекеменің өкілдеріне ескертіп, жауапты бөлім басшысына бақылауға алуды тапсырды.

Айта кету керек, аудандағы елді мекендердің көшелеріне «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында тиісті қаржы бөлініп, 16 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан бюджеті (субвенция) есебінен аудан аумағындағы 30,7 шақырым болатын елді мекендердің көшелерін орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Leave a reply