“ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАУ, МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ТҰҒЫРЫМЫЗ” АТТЫ ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ

Қазығұрт аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, “Аналар асыл жандар” қоғамдық бірлестіктің қолдауымен “Президент жолдауын қолдау, Мемлекеттік тіл тұғырымыз”тақырыбында Жайдарман ойыны өтті.
Жайдарман ойынының мақсаты; жастардың жан — жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бір — бірімен достық қарым — қатынасын нығайту болып табылады.
Жайдарман ойынына Ащыбұлақ, Болашақ, Қ.Сәтпаев, Т.Рысқұлов, мектептерінен құралған 5 командалары қатысып, өзара бақ сынасты.
Ойын нәтижесінде Меңлібай Сымбат, Сәуірбек Ерасыл, Серік Сәбит алғыс хаттарымен марапатталса, 3 орын Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі, 2 орын Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі, 1 орын Ащыбұлақ 7-леріне бұйырып, тиісті дипломдарымен марапатталып, жеңімпаз командаларға арнайы кубоктар табысталды.
