Нұралхан Көшеров Мемлекет басшысына өңірдің даму жоспарын: ирригация жүйелерін жаңғырту, ауыл шаруашылығы кластерлерін дамыту және энергетикалық жобаларды іске асыру жұмыстары туралы баяндады.

Мәліметтер:

Түркістан қаласы мен маңындағы 6 ауданға тұрақты су жеткізу үшін «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп, «Боралдай» су қоймасының жобасы әзірленіп жатыр.

Өңірдің аграрлық әлеуетін арттыру мақсатында 197 млрд теңгені құрайтын 5 мақта-тоқыма жобасы қолға алынады.

Ислам даму банкі 135,5 млрд теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдаған.

Энергетика тапшылығын жою үшін жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын 6 жоба іске асырылады.

Биыл 32 мектеп салынып, тағы 41 білім ошағы күрделі жөнделеді.

Мед-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріледі.

45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс әкіміне тапсырмасы:

Түркістан қаласының ерекше мәртебесін ескере отырып, Үкіметпен бірлесіп жұмыс істеу;

тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттерді шешу.