ПРЕЗИДЕНТ ҚОЛДАУЫМЕН БІЛІМ ЖҮЙЕСІ ІЛГЕРІЛЕЙДІ

0
100
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын атап өтті. Соның ішінде, білім саласына қатысты жаңалықтың ел ертеңін баянды етудегі орны мен рөлі айрықша. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің профессоры Досай Кенжетайдың брифингте осылай баяндады. Ғалым брифингте Президент қолдауымен білім жүйесі ілгерілейтіндігіне сенім білдірді.
«Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл. Тарих үшін қасқағым сәт. Елімізді өркендетуді қаласақ алдымен қоғамды, өзімізді өзгертуіміз қажет. Жаңа Қазақстанның болашағын жарқын ету жолында жастардың білім көкжиегін кеңейту шарт. Барлық нәрсенің бастауы – білімде. Сондықтан, Қ.Кемелұлының бастамасын қолдаймын», – деді ол.
Еске салсақ, Президент тапсырмасына сәйкес университеттерде техникалық мамандықтарға көңіл бөлудің алғышарттары қарастырылмақ. Елімізде жаңадан ашылуы тиіс 5 ЖОО-ның екеуінде студенттер техникалық бағытта білім алатын болады.

Leave a reply