Психолог: «Өз-өзіне сенімсіз жігіттер ғана қыз алып қашуға үйір болады»
Қыз алып қашу қазақтың салт-дәстүрінде бар ма? Қыз алып қашатын жігіттердің психикасы қандай? Бұл туралы Infonews.kz сайты Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Танымал психолог Ержан Мырзабаев Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында отбасындағы құндылықтар мен бала тәрбиесіне қатысты көптеген мағлұмат берді.
Психолог қызды алып қашатын жігіттерді өз-өзіне сенімсіз, комплекстері бар жігіттер деді. Өйткені, ол ең оңай, ең қарапайым жолды таңдап жатыр. Ал, қызды өзіне қарату, көңілін аулау, алдына шығып, өзін сүйдіру – ерлікті қажет ететін нәрсе. Сондай ерлігі жоқ, батылдығы жоқ адамдар сол әрекетке барады. Қызға барсам маған жоқ дейді-ау, ұсыныс жасасам жоқ дейді-ау деп алып қашатын әрекетке баратынын айтады.
Ата-ана баламен кез-келген тақырыпта жас шамасына қарай ашық сөйлесу керектігін де айтты.
Сонымен қатар, психолог «ер бала жыламау керек» деп, оның көз жасын тыйып тастайтындарды да сөкті. Себебі бұл – үлкен қателік. Жылау – іштегі стрессті шығару. Сондықтан да, ер адамдар өз-өзіне қол жұмсауға барады. Барлығы осындай қате тәрбиенің нәтижесі екенін тарқатып айтып берді.