Thursday, November 21

Путин ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

0
146

Ресей президенті Владимир Путин Тверь түбінде болған ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, бұл қайғылы оқиғаның жан-жақты зерттелуіне уәде берді. Бұл туралы Infonews.kz сайты Interfax.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

“Авиациялық трагедияға келетін болсақ, ең алдымен мен барлық қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын. Бұл қайғылы оқиға. Алғашқы деректер ұшақтың ішінде Вагнер қызметкерлерінің болғанын көрсетіп отыр. Бұл адамдардың Украинадағы неонацистік режиммен күресудегі ортақ ісімізге елеулі үлес қосқанын ұмытпаймыз”, – деді Путин.

Президент Пригожинді 90-жылдардың басынан бері білгенін атап өтті.

“Оның тағдыры қиын еді. Пригожин өмірде өрескел қателіктер жіберді, алайда ол өзі үшін де, өзгелер үшін де нәтижелі жұмыстар жасады”, – деді Ресей президенті.

Тверь маңындағы апатты Ұлыбритания ұшу қауіпсіздігін бұзу бабы бойынша тергеп жатыр.

Путиннің айтуынша, Пригожин дарынды адам, дарынды кәсіпкер болған және тек Ресейде ғана емес, Африкада жасаған жұмыстары нәтижелі болған.

“Менің білуімше, ол кеше ғана Африкадан оралып, мұнда кейбір шенеуніктермен кездесті”, – деді Путин.

Путин қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Сәрсенбі күні кешке Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшқан жекеменшік Embraer Legacy ұшағы Тверь облысындағы Куженкино ауылының маңында апатқа ұшырады. Борттағы он адам қаза тапты. Әуе көлігі федералдық агенттігі бұл ұшақта Евгений Пригожин болғанын хабарлады.

Leave a reply