Ресей мен Беларусь спортшылары 2024 жылғы Олимпиадаға қатысатын болса 35 ел бойкот жарияламақ

Парижде өтетін Олимпиада ойындарына Ресей мен Беларусь спортшылары қатысатын болса, Украина оған бойкот жариялайды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.
Украина премьер-министрі Денис Шмихал соғыс кезінде 340 украиндық спортшы мен жаттықтырушы қаза тапқанын, 343 спорт нысаны қирағанын және бүлінгенін еске салып, «Украиналықтардың қанына боялған мемлекеттер Олимпиада ойындарына қатыса алмайды» — деді.
Оның айтуынша, Олимпиадаға бойкот жариялауға 35 мемлекет әзір.
«Әділ спорт үшін қуатты халықаралық коалиция құрылды», — деді ол.
Бұған дейін Халықаралық Олимпиада комитеті Ресей және Беларусь спортшылары Париж Олимпиадасына жекелей сында қатыса алатынын, бірақ тек бейтарап мәртебеге ие болатынын растаған.