РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ МҮШЕЛЕРІ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Абай облысының сайлаушыларымен кездесті.
Кездесу барысында мәдениетті дамытуға, мемлекеттік тілді қолдауға, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге айрықша мән берілді.
Абай облысының жұртшылығымен өңірлерді дамыту, ең алдымен, ауылдарда жайлы өмір сүруге жағдай жасау бойынша кандидат ұсынған шаралар талқыланды. Кездесуге 300-ден астам адам қатысты. Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов халқымыз Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегінде топтасуы тиіс екендігін атап өтті.
Бұдан соң, Әлихан Бөкейханов атындағы университетте жастармен кездесу өтті. Жиында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері жастарға қатысты іс-шаралардың барлығы жүйелі түрде жүзеге асатынын атап өтті. Сонымен қатар, РҚШ мүшелері «Семей Цемент» АҚ-ға барып, кәсіпорынның еңбек ұжымына сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары туралы түсіндірді.