Референдум – «Жаңа Қазақстанның» алғышарты десек, Жолдау – жаңа Конституцияны іске асырудың бастамасы болып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауы маңызды бастамаларға толы болды. Отанымызды тың өзгерістер күтіп тұр. Ең әуелі былтыр күзден бастап саяси науқан басталды. Алдымен кезектен тыс Президенттік сайлау өтті. Қасым-Жомарт Кемеұлының өкілеттік мерзімі қысқартылғанымен, алдағы сайлауда жеңіске жеткен үміткердің мандаты 7 жылға дейін созылады және қайта сайлануына тыйым салынды. Ел тарихында бұрын-соңды талқыланбаған норма болып отыр. Президенттің айтуынша берілген уәделер мен жоспарды толықтай орындауға 5 жыл аздық етеді. Менің ойымша да бұл ұсыныс жаңа президенттік жүйенің тұрақтылығын нығайтуға септігін тигізеді.
Ал 2023 жылдан бастап саяси бәсеке күшейе түсті. Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өтті. Саяси билікке келуге жаңа тұлғаларға мүмкіндік беріліп, жол ашылды. Сайлау жүйесі мүлдем жаңа бағытқа өзгерді. Өйткені осы жолы аудандық-қалалық мәслихат депутаттарын сайлау мажоритарлық формада жүрді. Яғни халық дауыс беру арқылы тікелей сайлады. Облыстық мәслихаттың 50 пайызы осы тәсілмен, қалғаны партиялық тәсілмен өтті. Түркістан облысындағы барлығы 320 депутаттық мандат үшін қызу талас жүрді. Екі сайлаудан соң Үкімет құрамы да жаңартылып, оған Парламенттегі партиялардың өкілдері енді. Саяси науқандарда «AMANAT» партиясы ақпараттық-насихат жұмыстарын үйлестіруді жалғастыра берді. Референдумды қабылдау барысында «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы тектен-текке айтылған жоқ.
Елімізде заңсыз берілген және игерілмей жатқан 10 миллион гектарға жуық жер бар. Президенттің тапсырмасына сәйкес жыл соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жер қайтарылуы жоспарланған еді. Бүгінге дейін игерілмей жатқан 2,9 миллион гектар мемлекетке қайтарылды. Түркістан облысында партияның күш-жігерімен 487 мың гектар жер ортақ жайылымға пайдалануға қайтарылды. Ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында бұл жұмыстар әлі де жалғасады. Президент бұған дейінгі Жолдауында да утилизация мәселесін қозғаған болатын. Сонымен қатар, заңсыз көлік жеткізумен айналысатындардың барлық амал-тәсілдеріне шектеу қойылды. Утилизацияға және алғашқы тіркеуге төленетін бір реттік төлем қаржысы 200-250 мың теңгеден аспайды. Мемлекет басшысы бұл бағыт та жан-жақты сараланып қабылданған шешім екенін айтты. Ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеден 70 мыңға өсуі әлеуметтік мәселені реттеуге өз ықпалын тигізеді. Бүгіннің өзінде талқылауға алынып, жұртшылықтың қолдауына ие болған «Ұлттық қор – балаларға» атты жаңа бағдарлама болашақ ұрпақтың үлкен өмірде кездесетін қиындықтарының алдын алатыны анық. Бұл жоба ата-ананың балаға деген инвестияциясынан тыс, Ұлттық қор арқылы 2024 жылы жүзеге асырылмақ. 18 жасқа толған ересек өмірге қадам басқан жастар жоба аясында білім алу және баспанамен қамтылуына шараларына жұмсалады. Бала күтіміндегі аналарға төлемақы алуды 1,5 жылға ұзартылуы көпбалалы немесе тұрмысы төмен отбасылар үшін үлкен көмек. Тағы бір жаңалық – отбасының цифрлық картасы мен Әлеуметтік әмиянның іске қосылуы. Бұл шара кіріс-шығысты реттеп, отбасы бюджетін жүйелендіруге ықпал етеді.
2023 жылы NEET санатындағы және университетті жаңа бітірген 100 мың жас жұмыспен қамтылады. Президент жұмыссыздық деңгейін төмендетумен қатар бизнеске икемді жастарды қолдау мақсатында өте тиімді жоба іске қосылатынын айтқан болатын. Одан бөлек, кәсіп бастағысы келетін жастар үшін жеңілдетілген жылдық өсімі 2,5 пайыздық несие беріле бастады. Бұл да күннің жағымды жаңалықтарының бірі болды. Мұндай мүмкіндіктерден кейін “жұмыс жоқ”, “мемлекеттен қолдау жоқ” деген сөздер айтылмаса керек-ті. Ауыл шаруашылығына бейім Түркістан облысы үшін су тапшылығы басты мәселелердің бірі. Енді су саласына қатысты 3 жылдық жоба әзірленбек. Біздің өңірдің шаруалары үшін жағымды бағыты екенін атап өткен жөн. Үшінші бағдардың бірінші бағытында Мемлекет басшысына халықтың үні жеткені айқындалғандай. Медициналық сақтандыру жүйесіне қосылған азаматтар оның қызметін толық пайдалана алмайтынын айтып жиі шағымданады. Енді міндетті сақтандыру моделі тоқтатылып, ерікті медициналық жүйе енгізіледі. Партияның мобильді қоғамдық қабылдауларында жиі түсетін шағымдардың қатарында елді мекендерде медициналық пункттердің жетіспеушілігі бар. Аталған мәселенің де түйіні шешілетін болды. Қуантарлығы 650 елді мекенде медициналық бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Ауыл тұрғындары алғашқы көмекке оңай қол жеткізе алады.Бұл реформалардың барлығы елдің болашағын әділ жолмен орындалуына бағытталуда.
Өз сөзінде Қ.К.Тоқаев: “Жаңа Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.
Біздің алдымызда айрықша міндет тұр.Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу.
Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ” деген сөзі қазақстандықтарды отаншылдыққа, реформаларды қолдауға шақырады.
Мемлекет басшысы Ата Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде республикалық референдум өткізуді ұсынып, Қазақстанда соңғы рет референдум 1995 жылы қазіргі Конституция бекітілген кезде өткен. Республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының және мемлекет тіршілігінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелері жөніндегі шешімдері бойынша бүкілхалықтық дауыс беру.
“Республикалық референдум туралы” конституциялық заң қабылданды, бірақ ол әлі күнге дейін қолданысқа енген жоқ. Содан бері Конституцияға төрт рет түзету енгізілді. Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту халықтың ерік білдіруінің жарқын көрінісі болады деп санаймын”, – деген еді Тоқаев ҚХА отырысында сөйлеген сөзінде.
Әлібек Тәжібаевтың айтуынша, еститін мемлекет тұжырымдамасын іске асыруда әрбір қазақстандықтың пікірі маңызды.
“Шынында да, Қазақстанда 27 жыл бойы референдум болған жоқ. 1995 жылдан бастап барлық конституциялық түзету Парламент арқылы қабылданды. Қазақстандықтар үшін референдум туралы ұсыныс күтпеген жағдай болды, онымен келіспеуге болмайды. Бірақ бірнеше маңызды мәселені атап өту керек. Біріншіден, өзгерістер Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабының үштен бір бөлігіне қатысты болады. Мұндай көлемді өзгеріс бүкілхалықтық референдум арқылы өткізілуі тиіс. Екіншіден, Президент өз сөзінде Жаңа Қазақстан, ең алдымен, жалпыұлттық бірлік, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру екенін айқын көрсетеді. Демек, референдум – “Жаңа Қазақстанды бірге құрайық” идеясын іске асыру жолы”, – деді ол.
Ол қысқа мерзімде референдум өткізу оңай іс емес екенін атап өтті.
“Кез келген референдум – азаматтардың белгілі бір мәселе немесе сұрақ бойынша ерік білдіруінің бір түрі. Қазақстанда конституциялық реформа бойынша референдум 5 маусымда өткізіледі. Иә, осындай қысқа мерзімде күрделі іс-шараны ұйымдастыру оңай емес. Бірақ бүкіл әлемде мемлекеттік басқару жүйесі “барынша жоғары айналымда” жұмыс істейді, сондықтан бұл Қазақстанға да қатысты. Зая кетіретін уақыт жоқ, тез және тиімді шешім қабылдау керек. Бұл – қажеттілік. Референдум Мемлекет басшысы жариялаған мерзімде өтетініне сенімдімін. Ал біз, сарапшылар және медиа қауымдастық ұсынылып отырған реформалардың мәні мен алдағы референдумның маңызын түсіндіруге бар күшімізді саламыз”, – деді ол.
Әлібек Тәжібаевтың пікірінше, референдум өткізілген соң өзгерістер 5 бағытта жүргізілуі мүмкін.
“Референдум өткізілгеннен кейін (түзетулер қабылданған жағдайда) іргелі өзгерістер 5 негізгі бағытта көрініс табады: Біріншіден, саяси жүйені терең демократияландыру бағытында; Екіншіден, супер-президенттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу бағытында; Үшіншіден, президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің екі палатасының қызметін қайта жүйелеу және Мәжілістің ролін күшейту, Конституциялық сот құру бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тоқтатылуы мен тепе-теңдігі жүйесін одан әрі жетілдіру; Төртіншіден, сайлау жүйесін демократияландыру – аралас пропорционалды – мажоритарлы модельге көшу және партияларды тіркеу процесін одан әрі ырықтандыру; Бесіншіден, мәслихаттардың ролін, олардың субъективтілігі мен дербестігін арттыру”, – деді “Еуразиялық мониторинг” талдама зерттеу орталығының директоры.
Елімізде өткен референдум қоғамның саяси жүйеде жаңа өзгерістерді қажет ететінін айқындады. Мемлекет мықты болу үшін билік пен қоғам арасындағы алшақтықты азайту керектігін сарапшылар әлдеқашан дәлелдеп қойған. Шешу тетіктері де белгілі. Ол – екі тарап арасындағы диалогты нығайту.
Соңғы уақытта барлық салаларда жүріп жатқан реформалардың нәтижесі көз қуантады. Ата заңға өзгерістер енгеннен кейін конституциялық заңдарға да өзгерістер ене бастады. Сот саласын реформалау, әділ билікті қамтамасыз етуге қатысты нақты жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттің мақсаты – азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту десек, осы мақсатты орындау барлық азаматтардың адал еңбек етуі алғышарт.
Қазақтың басына біткен бойтұмары – қолымыз жеткен Тәуелсіздік. Бойтұмарды қалай қадірлесек, Тәуелсіздігімізді де дәл солай аялауымыз қажет. Ауқымды істерді, мерзімді стратегиялық межелерді іске асыру үшін белгілі бір уақыт, оны орындаудың тізгінін ұстайтын, ел қамын ойлайтын, кез келген қиындықтан суырылып шыға алатын танымал тұлға мемлекет басшысы қажет.
20 қарашада елімізде кезектен тыс ҚР Президент сайлауы өтті. Соңғы жылдардағы сайлау жүйесін талдап қарасақ, бұрынғыға қарағанда азаматтар арасында немқұрайлылық жоқ. Демек, елімізде сайлау мәдениеті әлдеқайда қалыптасып келеді. Ашықтық, әділдік деген ұғымдар көптің санасына енген. Сондай-ақ, аралас сайлау жүйесінің енгізілуі – барлық азаматтарға өздерінің сайлану құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Жалпы елімізде сайлау мәдениетін салыстырмалы түрде бағамдасақ, жуырда құрылған Халықтық коалициядан-ақ байқауға болады. Бірнеше саяси партия, отызға жуық қоғамдық ұйымдар ортақ мақсат аясында топтасып, бәріне ортақ бір ғана кандидатты ҚР Президенттігіне үміткерлікке ұсынды. Бұл топтасу – ел дамуы үшін, мемлекеттің өркендеуі үшін, Тәуелсіздіктің тамырының тереңдеуі үшін ортақ шешім болды. Шешім көпшіліктің көңілінен шықты. Бірлесу бірлікке, берекелі тірлікке бастайды. Азаматтардың бір мақсатқа топтасуы – елдің тізгінін ұстайтын тұлғаға деген нық сенімін білдіреді.
Президентіміз Қ.Тоқаев өз Жолдауында айтқандай, «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» деп атап кеткені баршамызға аян. Яғни, Президенттің кезектен тыс сайлауы, мемлекетіміздің оң өзгерістерге ұласып саяси-экономикалық дамуына өте үлкен үлес қосатындығына сенеміз. Еліміз бүгінгі таңда Жаңа әрі Әділетті Қазақстан құру жолында әлеуметтік-саяси реформаларды жүзеге асырып жатыр. Болашақта ел Президенті тек бір рет қана және жеті жылға сайланады. Еліміз үшін Президент сайлауының жеті жылдық мерзімге ұзартылуы өте қажетті əрі маңызды қадам. Бұл – кімге болсын алға қойған реформаларды іске асыру үшін жеткілікті уақыт. Сондай-ақ Мемлекет басшысының біршама өкілеттіктері қысқарды. Биліктің біраз тармағы халыққа ойысты. Биыл басталған ауыл әкімдерінің сайлауы, келесі жылы аудан, одан кейін облыс әкімдерінің сайлауына ұласпақ. Бұл дегеніміз – халықтық биліктің орнауы. Ел өз басшысын өзі таңдайды. Жаңа Қазақстандағы өзгерістер деп ауыз толтырып осыларды айтуға болады. Биылғы басты саяси науқан – ел Президентін сайлау. Халық өз таңдауын жасады.
Қазақстан – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танылған.
Біз тәуелсіз, реформалары орныққан дамушы елміз, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Жолдауында атап көрсеткендей, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» атты басты бағытты ұстанатын, алға қарай даму жолындағы мемлекетпіз. Соңғы бір жылда елімізде болған саяси өзгерістер, атап айтқанда, Жалпыұлттық референдум, кезектен тыс Президент сайлауы, Парламент мәжілісі мен жергілікті деңгейдегі мәслихаттар сайлауы, және ауылдық округтегі әкімдер сайлауы және тағы басқа өзгерістер «Жаңа Қазақстанды» бірге құру жолындағы нақты қадамдар.
Біздің мақсатымыз айқын. Жалпы, ел болашағы – мықты басшы, бірлігі бекем халық, жігерлі жас, білімді ұрпақтың қолында, мемлекет дамуы орныққан реформа арқылы жүзеге асатыны сөзсіз. Еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – халықтың тұрмыс тіршілігін жақсарту, өмір сапасын мен табысын арттыру.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш өзінің қызметтік лауазымына келгеннен кейін, бірден елді демократияландыруды қолға алып, билікке халықтың жақындауын басты мақсат етті. «Халық үнін еститін мемлекет» тұжырымдамасы арқылы бүгінгі күні елдің үнін, тілегін, ниетін жоғары билік құрылымы «еститін» болды. Аудан әкімдері бұрын халық алдында жылына 1 ақ рет есеп беретін болса, қазір тоқсан сайын есеп беріп, облыс әкімдері жарты жыл сайын халық алдына шығып, әрбір халықтың айтқан сөз-пікірінің орындалуы қандай деңгейде екенін негізгі бағытқа алды. Жалпы, соңғы бір жыл көлемінде елдегі саяси, экономикалық реформалардың барлығы мемлекеттің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейтуге, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің қалыптасуына, түптеп келгенде қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатқаны айқын. Елде қандай өзгерістер болмасын, бір мемлекетте өмір сүріп жатқаннан кейін бірлік туын бірге көтеріп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға тиіспіз. Біз дамудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Билік институттары мен халық етене жақын «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыруды жүзеге асыруға бірге атсалысутық. Бұл біздің азаматтық борышымыз деп есептеймін.
Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Конституциялық реформа – Президенттің наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолға алынған маңызды іс-шара. Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын белгілі заңгер-құқықтанушылар және конституциялық құқық саласының мамандары әзірледі. Оған Конституциялық Кеңес оң бағасын берді.
Сонымен қатар, биыл жаңа «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы іске асырылды, оның аясында 842 мың оқушы орнына есептелген қажетті жабдықтармен толықтай «жабдықталған» 400-ге жуық мектеп салу жоспарлануда. Бұл мектептер қала мен ауылдағы білім беру сапасын біртіндеп теңестіре келе, қазақстандық білім беру саласын жаңа деңгейге көтереді. 2023 жылы республика өңірлерінде 220-дан астам мектептің құрылысы басталды. Сондай-ақ ауылда медициналық қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартуға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша да белсенді жұмыс жүргізілді. Оның аясында 2026 жылға дейін 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарын салу, реконструкциялау және жабдықтау, қолданыстағы 12 аурухананы жаңғырту және жаңа 20 көпбейінді аудандық аурухана ашу жоспарлануда. Оның ішінде 2023 жылы 309 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанын ашу көзделген. Осы жылы 2023-2027 жылдарға арналған «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы қабылданбақ. Оның аясында қалалар мен ауылдарды жоғары жылдамдықты интернетке қосу бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізу, республикалық және бірінші дәрежедегі облыстық жолдардың бойында талшықты-оптикалық байланыс желілерін монтаждау, сондай-ақ бесінші буындағы мобильді байланыс желілерін енгізу қарастырылған. Бүгінгі таңда базалық станциялар орнатылып, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 5G байланысы пилоттық режимде іске қосылды.
Айта кетейік, мемлекет ұлттық жобаларда қаралған шараларды ҚР Президентінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын және әлеуметтік міндеттемелерді орындау аясында басым тәртіппен қаржыландырады.
Бұдан бөлек, еліміздің жоғары оқу орындары шәкірттерінің стипендияларын арттыру бойынша жұмыс жалғасады. Биыл студенттердің стипендиялары 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиялары 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 15%-ға өседі. Бұдан басқа, мемлекеттік білім беру гранттарының санын 10%-ға ұлғайту жоспарланған. Зерттеу экожүйесін қалыптастыру және инновациялық технологияларды дамыту шеңберінде отандық жоғары оқу орындарын зерттеу жоғары оқу орындарына трансформациялау процесі жалғасады. Атап айтқанда, 2023 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жаңа мәртебеге ие болады. Бұл оның ғылыми әлеуетін және ғылыми жобаларды коммерцияландыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 5500 орындық 9 студенттік жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда. Бұған қоса, жатақханаларды қайта жөндеу және салу ісі МЖӘ тетігі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте ЖОО-лар жатақханаларда орындардың қажетті саны болған жағдайда ғана қосымша мамандықтар аша алатын болады. Ғалымдарды ынталандыру және көтермелеу үшін 2000 АЕК мөлшерінде 50 «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын табыстау практикасы жалғасады. Ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдарды мемлекеттік ғылыми стипендиялармен және сыйлықтармен көтермелейді.
Сонымен қатар қазақстандық жоғары білім беруді интернационалдандыру бойынша жұмыстар одан әрі жүргізіледі. Биыл отандық жоғары оқу орындарының бірінің базасында британдық Heriot-Watt University және түріктің Hacettepe University филиалдарын ашуды қарау жоспарланған. Республиканың жаңа өңірлерінде ғылым мен жоғары білім беруді дамытуға да ерекше назар аударылатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Жезқазғанда техникалық университет ашу және Қонаев қаласында инновациялық орталығы бар академиялық қалашық құру мәселелері пысықталатын болады.
Одан бөлек, Республикада жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға мүмкіндік беретін «ашық аспан» саясаты одан әрі іске асырылып, әлемдік қаржы орталықтарымен тікелей әуе қатынастарын ашу жалғасады. Атап айтқанда, Астанадан Дохаға, Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде: Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге рейстер ашылады деп күтілуде. Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстамбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге рейстерді ұлғайту жоспарлануда. Бұдан басқа, Алматыдан Пәкістанға – Карачи мен Лахорға рейстер ашу, Алматы – Дели бағыты бойынша Үндістанға, Алматы – Чэнду бағыты бойынша Қытайға, Алматы – Лондон бағыты бойынша Ұлыбританияға, сондай-ақ Алматыдан Бодрум, Батуми, Ираклион, Подгорицаға және Астанадан – Тбилиси мен Подгорицаға орындалатын рейстер санын арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар Астана – Бішкек, Ақтау – Ереван, Алматы – Самарқан, Шымкент – Кутаиси бағыттары бойынша рейстер қайта ұша бастайды деп күтілуде. Air Asia Х малайзиялық лоукост-әуекомпаниясы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде Куала-Лумпурдан Алматыға, ал Thai Air Asia әуекомпаниясы Бангкоктан Алматыға ұшуды жоспарлап отыр. Qeshm AIR әуекомпаниясы «ауа еркіндігінің» 5 дәрежесін пайдалана отырып, Алматы – Токио бағыты бойынша ұшуларды орындауды бастауды жоспарлауда. Air Astana әуекомпаниясы орта мерзімді перспективада Алматы – Тель-Авив бағыты бойынша Израильге аптасына екі рет тұрақты рейс орындау мәселесін пысықтауда.