Ринат Зайытовтың әйелі шын мәнінде кім? (фото)

Елімізге белгілі айтыскер Ринат Зайытовтың өмірлік жары шын мәнінде кім? Көптеген адамның көкірегінде осы бір сауал болуы мүмкін. Ендеше ақынның жары туралы мәліметке көз жүгіртсек.
Ринат Зайытовтың жарының аты-жөні Зүлфия Тұрсынқызы. Екеуі 2001 жылы танысып, үш жылдан кейін отбасын құрған. Ринат Зайытов өмірлік жарының мінезіндегі биязылық туралы, онымен таныстығы туралы былай баяндайды:
— «Зүлфия досымның қызының (қазіргі әйелі) құрбысы-тын. Ол қызын шақырса, Зүлфия бірге шығады. Мен мына жақтан еріп барамын. Сонымен екі қыз, екі жігіт болып әңгімелесеміз. Келе-келе бойымда оған деген сенім пайда болды. Өз басым бәрінен махаббатты бірінші қоятын адам емеспін. Өйткені оның оянуы да, өшуі де – бір-ақ сәт. Біздің отбасымызда сенім мен түсіністік басым», — деген еді Зайытов.
Айтуынша жары өте қарапайым отбасынан шыққан, жоғары оқу орнын бітірген, экономика саласының маманы.
Қазіргі таңда, Ринат пен жары Зүлфия екеуі төрт қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.