САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА КІМДЕР КІРЕ АЛМАЙДЫ?
ОСК өкілдері сайлау комиссиясының құрамына кіре алмайтын адамдардың санаттарын атады.
Сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды:
1. Соттылығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
2. Сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;
3. Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқаратын адамдар;
4. Мемлекеттік саяси қызметкер лауазымындағы адам;
5. Кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар;
6. Қазақстан Республикасы соттарының судьялары;
7. Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржыландырылатын саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің ұсынысы негізінде ұсынылған және (немесе) сайланған адам сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды.