САЙРАМДАҒЫ КӘСІПОРЫН ЖЫЛЫНА 10 000 ТОННА ҚҰБЫР ШЫҒАРУҒА ҚАУҚАРЛЫ

0
86

Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда өндірістік саласы қарқынды дамып келеді. Сонымен бірге өнім көлемі мен қоса сұраныс та артқан. Оған дәлел Сайрам ауданында полиэтилен және поливинилхлорид құбырларын шығаратын зауыттың жұмысы қызу жүріп жатыр. Кейінгі кездері кәсіпорын өнімдеріне сұраныс та артып келеді. Өйткені, су, газ жүйелері мен дренаждық ұңғымаларды ауыстыру ісі өңірде кең өріс алған. Әрі ауыл-аймақты газдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.
Мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асқан «Оңтүстік Қазақстан полиэтилен құбырлары» зауыты алғашында резеңке мен пластик бұйымдарды өндіріп бастаса, кейіннен су құбырын шығаруды жолға қойған. Бүгінде 35 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған аталмыш зауыт полиэтилен және поливинилхлорид құбырларының түр-түрін шығаруға қауқарлы.

Дайын өнім негізінен газ бен суды тасымалдауға және құрылысқа қолданылады. Мұнда жылына қалыңдығы 630 миллиметрге дейінгі ірілі-ұсақты 10 мың тонна полиэтилен құбырлары өндіріліп, еліміздің бірнеше аймағына тасымалданады. Айта кетейік, диаметрі 400 миллиметрді құрайтын поливинилхлорид құбырлары еліміз бойынша осы жалғыз зауытта өндіріледі.
Зауытта жұмыстың басым бөлігі жалпы авто¬маттандырылған. Өндіріске қа¬жет¬ті техникалардың барлығы яғни, немістің «Крас Маффай» фирмасының қон¬дыр¬ғылары Германиядан жеткізіледі.

Тағы бір айта кетерлік жәйт, мұнай қал¬ды¬ғынан жасалатын полиэтилен грануласы елімізде Павлодар қала¬сында ғана шығарылады. Бірақ бұл тапсырыс беруші көптеген кә¬сіп¬орындардың технологиясы¬на сәйкес келмейді екен. Сондықтан өндіріске керекті шикізат қазір тек көршілес Өзбекстаннан әкелінеді.

«Оңтүстік Қазақстан полиэтилен құбырлары» зауыты кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы негізінде мемлекеттік қолдауға ие болған. Қазір аталған кәсіпорынның жылдық тауар айналымы 4 млрд. теңгені құрайды.

Leave a reply