САЙРАМДА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

0
135

Сайрам ауданында бірқатар әлеуметік мәселелердің шешімі табылып келеді. Аудан әкімі Арман Сәбитовтің тұрғындарды кезекті рет тікелей жеке мәселелері бойынша қабылдады. Алдын ала қабылдауға жазылған азаматтар түрлі мәселелерді көтерді.

Қабылдау барысында тұрғындар Қасымбек Датқа ауылындағы ауыз су жәшіктеріндегі су есептегіш құралдарының істен шығуы, тұрғын үй кезегіне тұру, Ақсу-2 саябағы аумағында қоқыстың алынуы, Ақбай ауылында зират құрылысын жүргізу үшін жер телімінің бөлінуі, Қарабұлақтағы нысаналы мақсаты ауыл шаруашылығына сай салынған құрылыстарды, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің елді мекен шегіне енгендігін анықтау, тұрғын үйлер меншік құқығын тану, жеңіл автокөліктердің кіріп-шығу арқылы көшелерге кедергі келтіруі, Көлкент ауылдық округіндегі Алмазар көшесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, аудан аумағында туризм саласын дамыту және төрт түлік тұратын қора жер телімін заңдастыру секілді өтініштерін білдірді.

Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдаған аудан басшысы Арман Сәбитұлы өтініш-ұсыныстардың заң аясында шешілу жолдарын түсіндіріп берді. Қабылдауда көтерілген мәселелер назарға алынып, тиісті басшылар тарапынан қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Сонымен қатар аудан аумағында инфрақұрылым жүйелерін әзірлеу және заңсыз қүрылыстарды зерделеу туралы талқыланды. Сайрам ауданы бойынша Жаңақұрылыс аумақтарына инфрақұрылым жүйелерін әзірлеу және аудан аумағындағы 2024 жылғы заңсыз құрылыстар бойынша атқарылған жұмыстар туралы мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары қатысты. Мәжіліс барысында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Алибжан Ибрагимов ауылдық округтердегі елдімекендердің оңтайландырылған бас жоспарына тоқталды. Бұдан бөлек, бірқатар ауылдық округ аумағында нысаналы мақсатына сай салынбаған бірқатар нысандарға Түркістан облысының бақылау басқармасы тарапынан қажетті шаралар қабылданып, бүгінде тексеру жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.

Жиынды қорытындылаған аудан басшысы ауыл округі әкімдеріне ауыл округі аумағындағы бос жер телімдеріне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, мемлекет мұқтажына қайтару мүмкіндігін анықтауды, бірінші кезекте, инфрақұрылым жүйелерін жүргізуге назар аударуды, Бәйтерек, Алаш, Қарасу, Құтарыс, Әсіларық, Ақарыс, Қарабұлақ ауылдарының бас (оңтайландырылған) жоспарларын жүзеге асыру барысында аталған ауылдарда орын алған заңсыз құрылыстар, қызыл сызық аймақтары және т.б. орын алған кемшіліктерді түзету бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, бөлім басшыларына бас жоспар бойынша тұрғын үй құрылысы үшін бөлінетін жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтаруға қатысты жұмыстар жүргізуді, бос жерлерге тартылатын инфрақұрылым жүйелерінің қосылу нүктелерін зерделеп, жоқ болған жағдайда жобалау-сметалық құжаттарын дайындауды тапсырды.

Leave a reply