САЙРАМДА АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

0
36
Биыл Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толды. Еліміздің түкпір-түкпірінде атаулы күнге орай, ауқымды шаралар өтіп жатыр. Солардың бірі Сайрам аудандық мәдениет үйінде ауған ардагерлеріне арналған мерекелік салтанатты жиын өтті.
Ардагерлерге құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табысталды. Аудан әкімінің орынбасары Мадияр Алипов жиында сөз сөйлеп, ержүрек ағалардың батырлығы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.
– Отан алдындағы әскери міндетін адал атқарған ауған соғысы ардагерлерінің есімін жас ұрпаққа жеткізу, ерлік істерін насихаттау, тарихтан әділ бағасын беру – бүгінгі күннің басты бағыттарының бірі. Отанға деген адал қызмет еткен жерлестерімізді біз әрдайым мақтаныш етіп келеміз, — деді Мадияр Алипов.
Басқосудың соңы патриоттық әндер орындалған концерттік бағдарламаға ұласты. Айта кетейік, Ауғанстандағы шектеулі контингент әскерлері құрамында Қазақстаннан 22 269 жауынгер өздерінің интернационалдық міндетін атқарса, оның ішінде 350 сайрамдық жауынгерлер болды. Жерлестеріміздің 7-еуі ауған жерінде қаза тапты.

Leave a reply