САЙРАМДА КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА БАСПАНА ТАРТУ ЕТІЛДІ

0
44
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нышанов Қанат Нұрбекұлы көп балалы отбасыға баспана тарту етті. Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов арнайы қатысып, аудан басшысының ыстық сәлемі мен алғысын жеткізді.
«Соңғы уақытта ауданда көп балалы және мұқтаж отбасыларға баспана тарту ісі тұрақты үрдіске айналуда. Бұл игі бастама ауданымызда әрбір отбасыға қолдау көрсету, олардың тұрмыс жағдайын жақсарту бағытында атқарылып жатқан үлкен жұмыстардың бір бөлігі. Ауданда баспана кезегінде тұрған отбасыларға қолдау көрсету мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда. Аудан басшысының атынан барлық жомарт жандарға, осы шараның ұйымдастырушыларына шынайы алғысымды білдіремін», — деген аудан әкімінің орынбасары Серік Сахиұлы аудан басшысы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесіне әрдайым жіті назар аударып, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев өз сөзінде баспана иесіне ізгі тілегін арнап, құттықтауын жеткізді.
Шараға ауыл қариялары да қатысып, көп балалы отбасының қуанышымен бөлісті. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Есепенбетов, ауданның Құрметті азаматы әрі спорт ардагері Анарбай Шәдібеков, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ауданның Құрметті азаматы Мыңжасар Асқарұлы ақ баталарын арнап, игі іске ұйытқы болған азаматтарға бақытты өмір тіледі.
Баспана иесі Гаухар Дүйсенбекқызы өз қуанышымен бөлісіп, жақсылық жасаған жандарға алғысын білдірді.
«Бүгінгі қуанышты сәтте мен сөзбен жеткізе алмайтын сезімдерді бастан өткеріп отырмын. Көп балалы ана ретінде біз үшін баспана – ең маңызды қажеттілік. Бүгін мен және отбасыма жасалған осындай үлкен жақсылықты, қамқорлықты ешқашан ұмытпаймыз. Баршаңызға үлкен рақмет!» — деді.
Айта кетейік, баспана су, жылу және басқа да барлық қажетті коммуналдық қызметтермен толық қамтамасыз етілген. Тұрмысқа қажетті жабдықтармен қоса қамтылып, отбасының жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған.

Leave a reply