САЙРАМДА МАНГО, АВОКАДО ӨСІРІЛЕДІ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданындағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын Сайрам ауданында орналасқан. Түріктің «Gen group Qazaqstan» компаниясы 5,3 га жылыжай кешенін салып, банан отырғызған. Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Алғашқы өнімді 6 айдан кейін жинау жоспарлануда.
Кәсіпорын басшысы Тимур Утешов алдағы уақытта манго, авокадо сынды жеміс түрлерін өндіруді жоспарлап отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі. Жобаның бірінші кезеңдегі құны 4 млн. АҚШ долларды құрайды. Құрылыс сапасы жоғары, жылыжайлар климаттық бақылау мен бейімделгіш қоректендіру жүйесімен жабдықталған.
Бұл жемістің салмағы 2 келіге жетеді. Авокадо бойындағы қоректік заттардың көптігіне байланысты адам денсаулығы үшін өте пайдалы болып саналады. Диетологтар бұл өнімді жүрек-тымыр, асқазан-ішек ауруларымен ауратын адамдарға жеуді ұсынады. Авокадо ағзаны толығымен тазалайтын қасиетке ие.
Авокадо жұмсақ кілегейлі консистанцияға ие болғандықтан оны кез келген тағамға қосуға болады. Мәселен, смузи мен салаттар,тіпті сэндвичтерге де қосса болады. Авокадоның пайдасы Авокадо С, Е, К және В6 дәрумендеріне, рибофлавина, ниацина, фолата, пантотен қышқылы, магний және калий сынды пайдалы заттарға бай. Сонымен қатар, лютеин, бета-каротин және Омега3 май қышқылдары бар. Авокадо жүрек пайдалы және көздің көру қабілетін арттырады, остеопороздың алдын алады. Онкалогиялық аурулар мен депрессияға шалдығудан сақтайды. Бұл жасыл жеміс – жасушаларымызды қартаюдан сақтайтын белсенді антиоксидант. Сондай-ақ, жемісте пайдалы майлар, ұзақ уақытқа қанықтыру сезімін береді және ағзадағы зат алмасуды реттейді. Авокадоның зияны Авокадоны емізулі аналарға, үш жасқа дейінгі балаларға және аллергиясы бар адамдарға жеуге тиым салынады. Піспеген авокадоның құрамында ағзада сұйықтық жиналуына ықпал ететіп, аз еритін персин бар. Піспеген жемісті қолдану тұншығу, жүрек айну мен құсуды тудыруы мүмкін. Сондықтан тек толығымен піскен жемісті жеу қажет. Авокадоның құрамында манногептулоза – табиғи моносахарид бар. Бұл инсулин өндірісін тежейді және бауырдың жұмысын басып тастайды. Шамадан тыс көп жеу адам гипергликемияға, яғни қанның құрамында қанттың көбеюіне әкеп соқтырады. Ескеретін жәйт: авокадоны күніне 150 граммнан артық қолдануға болмады.
Ал, манго калийге бай, соның арқасында жүрек пен қан тамырлары үшін пайдалы. Сонымен қатар, манго құрамына С витамині, В тобының витаминдері, А және Е витаминдері кіреді. Манго калориясы жоғары емес (100 грамм жеміс үшін 60 калория), сондықтан арықтау кезінде осы жеміс көп ұсынылады. Мангода көптеген пайдалы талшықтар бар, сондықтан экзотикалық жеміс асқазан-ішек жолының жұмысына өте пайдалы. Сонымен қатар, манго зат алмасу процесін жақсартады және сұйықтықты ағзадан шығаруға көмектеседі. Манго мен сүттен ғана тұратын экспресс-диета түрі бар. Үш күн ішінде мұндай диетаны ұстау арқылы орташа есеппен 3 килограмм тастауға болады. Мангоны қант диабеті кезінде қолдануға болмайды, аллергияға бейім кезде де бұл цитрустық жеміс шырынын сақтықпен ішу керек. Тұтыну алдында манго қабығынан тазартылады және сүйектері алынады. Манго сүтінен шырындар, смузи, ласси, сүт коктейлдері, балмұздақ, тәтті десерттер дайындалады. Манго аурудан айықтыра алады, бас ауруын жаза алады, қатерлі ісіктің алдын алу үшін де тұтынылады. Сондықтан манго ерлер мен әйелдерге репродуктивті және несеп-жыныстық жүйелерге байланысты ауруларда жеуге пайдалы.
Қазақстанда баламасы жоқ кәсіпорын жақын арада жылыжай жерін 5 гектарға кеңейтпек. Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан жылыжай жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін 1% қамтамасыз етіп отыр.
Облыс әкімі ауданға жұмыс сапары аясында Қасымбек Датқа елді мекенінде орналасқан аудандағы «Шымыр-Медет» лимон жылыжайында болды. Жалпы көлемі 1 га. жерде 2000 түп лимон көшеті отырғызылған. Жылына 80 млн. лимон өнім береді. Бұл лимонарии облыс аумағындағы ең үлкен жылыжай болып саналады.
Облыс басшысы егістікті әртараптандырудың маңыздылығын атап өтті.
– Егістікті әртараптандыру, баланс ұстау аса маңызды. Біз жыл сайын тек бір дақылдарды екпеуіміз керек. Нарыққа назар аударып, жоғары сұранысқа ие дүниелерді бақылаған жөн. Өзімізді барлық қажетті өнімдермен қамтамасыз ету және сол арқылы бағаны тұрақтандыру үшін аймақтың азық-түлік қауіпсіздігі саласына барынша қамқорлық таныту қажет, – деп атап өтті Дархан Сатыбалды.
Егістікті суармалы сумен қамту мәселесіне көңіл бөлген аймақ басшысы барлық қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануды, атап айтқанда, жер асты суларының қорларын зерттеу жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ барлық су ресурстарының теңгерімін зерделеуді тапсырды.
Д. Сатыбалды Сайрам ауданындағы құрама жем шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Өндіріс орны жылына 60 мың тонна мал азығын өндіреді. Бүгінде зауыт өнімін ішкі нарыққа және Өзбекстан Республикасына экспортқа жіберуде. Аталған нысанның жобалық құны 600 млн. теңге. Жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылған.
Облыс әкіміне сондай-ақ Сайрам ауданында орналасатын индустриалды аймақ таныстырылды. 80 га жерде ауданның инвестициялық жобалары жүзеге асырылады.