САЙРАМДА САН САЛАДА ЖЕТІСТІКТЕР ЖЕТЕРЛІК
11 ауылдық округ, 42 елді мекенді біріктірген бұл ауданның бүгінде сан салада жеткен жетістіктері мен алдағы уақытта атқарар жүйелі жұмыстары да жетерлік. Сөзімізге дәлел, облыс халқының 11%-н құрайтын Сайрам ауданында 235 мыңнан астам халық тұрып жатыр. Биылғы жылдың қорытынды тоқсанын саралай келе, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты серпін сақталып, барлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалды деуге болады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістер өңірдің өндірісі мен дамуына ықпал ететіні сөзсіз.
Ауданның әл-ауқатын арттыратын негізгі салалардағы көрсеткіштерді саралап көрсек, басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 185 млрд теңгеге жетіп, өсім 103,3%-ды құрады. Сондай-ақ, жалпы өнімнің ішінде 56%-ы ауылшаруашылығы саласына тиесілі болса, 18,3%-ы өнеркәсіп саласына, 18,5%-ы сауда саласының үлесінде. Өнеркәсіп саласында жыл басынан 33,9 млрд.теңгенің өнімі өндірілген, оның ішінде 27,6 млрд.теңгесі өңдеу өнеркәсібінің еншісінде. Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 3 жылда 1,7 есеге артып, бүгінде облыстың өнеркәсіп өнім көлемі бойынша Сайрам ауданы үшінші орында.
– Экономиканың басты көрсеткіші – жалпы өңірлік өнім көлемі 2019 жылдан бері 3 есе өсіп, былтыр 319 млрд. теңгеге жетті. Биылғы 6 ай қорытындысымен бұл көрсеткіш 141 млрд. теңгені құрап отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 5 есе өсіп, былтыр 200 млрд. теңгеден асты. Биыл жарты жылда 77 млрд. теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылды. Былтыр негізгі капиталға 305 млрд. теңге инвестиция бағытталса, биыл 6 айдың қорытындысымен 84 млрд. теңге инвестиция тартылды, – деген Дархан Сатыбалды өндіріс орындарын ашу негізгі бағыт екенін айтты. Ағымдағы жылдың 9 айында ауданда 38,9 млрд.теңге инвестиция тартылып, былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда өсім 18,3%-ды құрап, 6,0 млрд.теңгеге артты. Тартылған инвестицияның 89%-ы жеке инвестиция болса, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 2 есеге артты. 2023-2024 жылдарға ауданда 75 млрд.теңгеге 19 инвестициялық жобаны іске асырып, 886 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 12-сі өңдеу бағытындағы іске асатын жобалар.
Жыл басынан 11 млрд.теңгеге 9 жоба іске қосылып, 279 жұмыс орны ашылды. Іске қосылған жобалардың ішінде «Gen Group Kazakhstan» компаниясы Қайнарбұлақ ауыл округінде 5,3 га жерге банан өсіруге арналған жылыжай кешенін салды. Аталған кәсіпорынның Қазақстанда баламасы жоқ. Яғни бұндай кәсіпкерлік нысан тек Сайрам ауданында бар. Жылыжай жылына 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін құны 2,6 млрд.теңгеге 5 жоба іске қосылса, қалған 5 жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарлануда.
Оның ішінде, ірі жобалар:
«Туран Агро ет-сүт» өндірістік кооперативі сүт өнімдерін өндіреді, құны 450 млн.теңге, 20 жұмыс орны ашылады.
«Meat magnat” ЖШС-сі 2 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңын салып жатыр, құны 800 млн.теңге, 10 адам жұмыспен қамтылады.