Четверг, 24 апреля

САЙРАМДА ҮЗДІК МЕХАНИЗАТОРЛАР АНЫҚТАЛДЫ

0
18
📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның болашағы ретінде жастардың кәсіби дайындығы мен білімін ерекше атап өтіп, жастарды ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологияларды меңгеруге шақырған болатын.
⏬️ Осы ойды ескере отырып, Сайрам ауданы білім бөлімінің «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі кәсібі бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және кәсіби дағдыны меңгерту мақсатында «Үздік механизатор – 2025» байқауы өткізілді.
⏬️ Бұл байқау – «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист-машинисі» кәсібі бойынша білім алып жатқан оқушылар үшін өз білімдерін тәжірибеде дәлелдеуге мүмкіндік беретін маңызды алаң болды. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды және әр кезең нақты кәсіби модульдерге негізделді.
⏬️ Байқау үш негізгі кезең бойынша өтті. Атап айтқанда, Теориялық білім байқауында қатысушылар оқу бағдарламасы модульдері бойынша тест тапсырмаларын орындаса, техникалық қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету сайысында арнайы кеспе қағаздар арқылы өзара мықтыны анықтады.
⏬️ Сайыстың үшінші кезеңінде оқушылар практикалық шеберлік бойынша тіркемелі тракторды артқа жүріп, белгіленген қақпаға дәл енгізу бойынша сайысты. Оқушылардың жұмысын сарапшылар белгіленген критерийлер бойынша бағалап, әр кезеңдегі нәтижелер жинақталды.
Байқаудың қорытындысы бойынша оқушылардың ең жоғары нәтижелерге қол жеткізгендері арнайы медаль, кубоктармен марапатталса, ерекше жетістіктері арқасында нәтижеге қол жеткізгендерге «Үздік механизатор» номинациясы табысталды.
⏬️ Айта кетейік, «Үздік механизатор – 2025» байқауы ауыл шаруашылығы саласындағы жас мамандардың кәсіби дайындығын арттырып, жастардың ауылшаруашылығындағы заманауи технологиялар мен жаңа әдістемелерді меңгеруіне серпін берді.

Leave a reply